Ата заңның шапағаты

«Көкшетау» мәдениет сарайында Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған салтанатты жиналыс өтті.

Салтанатты шарада барша ақмолалықтарды айтулы мерекемен құттықтаған облыс әкімі Сергей Кулагин бүгiнде бүкiл әлемнiң назары мен таңданысына бөленген елiмiздiң биік жетiстiктерi Ата заңымыздың абыройлы шарапатында екендігін атап өтті.
1995 жылы жалпыхалықтық дауыс беру арқылы қабылданған Конституциямыз еліміздің әлемдік қауым-
дастықтағы бағын асырып, бақытын тасытқан табысының басты факторына айналды. Осының бәрі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегінің арқасында мүмкін болды. Бүкіл еліміздегідей, ақмолалықтар да бұл жарқын мерекені лайықты табыстармен қарсы алғалы отыр. Соңғы үш жылда шағын және орта кәсіпкерлік нысандары 51 мыңға көбейіп, онда 112 мың адам еңбек етуде. Облыста «Қолжетімді баспана» бағдарламасы сәтті жүзеге асырылуда, оның аясында жуық болашақта 700 мың шаршы метр тұрғын үй тұрғызылмақшы. Әр азаматқа орта білім алуға кепілдік берілетін негізгі Заңды орындай отырып, жаңа оқу жылында облыс мектептерінің есігін 112 мың оқушы ашады. 1 қыркүйекте Щучинск қаласында, Целиноград ауданының Тайтөбе ауылында, Ерейментау ауданында, Еңбекшілдер ауданының Мақпал ауылында жаңа мектептер ашылады деп күтілуде. Шара барысында Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге орай және облыстың әлеуметтік-экономикалық саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар ақмолықтар облыс әкімінің Алғыс хатымен марапатталды. Конституция күніне арналған салтанатты шара концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Әсем әндер орындалып, мың бұрала билеген бишілердің өнері жиналған қауымды тәнті етті.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс