Ауыл кәсіпкерлеріне қолдау бар

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған  бағдарламасы  өткен жылы қолға алынды. Оның аясында ауылда, шағын қалаларда тұратын адамдарға өзін-өзі қамтамасыз етудің жолдары ұсынылады. Төмен пайызбен несие беріледі. Мал өсіріп, егіншілік және өсімдік шаруашылығымен айналысқысы келетін жандарға жол ашық.  Жұмыссыз жүрген немесе зейнетақылық аударымдары жоқтығына қарамастан 18-ден зейнет жасына дейінгі ауылдықтарға жеке кәсібін дөңгелетуге мүмкіндік бар. Тек соның тетіктерін үйреніп, бизнес жасау сабақтарынан өту керек. Оларды «Бастау бизнес» жобасы кәсіпкерлік негіздеріне оқытады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында айтылды. 

Биыл 1227 ауыл адамы бизнес жүргізу жолдарын үйренетін болады. Оның тек 30 пайызы ғана несиеге қол жеткізуі мүмкін. Өткен жылы 938 адам оқып, оның тек 434-і шағын несие алған. Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде өткен жылы Ақмола облысына 2 миллиард теңге бөлінген. Облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Қасым Итқұсовтың айтуынша, оның 1 185,1 миллионы «Ауылшаруашылығын қолдау қорына», 826,9 миллион теңгесі «Аграрлық кредиттік корпорациясына» бөлінген. 434 адамның өтініші қабылданып, 301 стартап-жобаға жол ашылған. 459 жұмыс орны құрылған. 2018 жылы елді мекендерді және шағын қалаларды несиелендіру шараларына 2 063,9 миллион теңге бөлінген. Жобаның маңыздылығы ескеріліп, әрі Елбасының тапсырмасын орындау мақсатында республикалық бюджеттен 3,5 миллиард теңге қосымша қаржы қарастырылды. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары Досхан Әміровтің айтуынша, бағдарлама аясында Көкшетау мен Степногорск қалаларындағы кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруға 590,8 миллион теңге бөлінген. Бұл қаржының 481,9 миллион теңгесі 39 жобаға бағытталған. 55 жұмыс орны ашылып, облыс бюджетіне 91 450,491 мың теңге түскен. Брифинг барысында журналистер жеке кәсібін ашқысы келетіндерге қойылатын талаптар, қажетті құжаттар, кездесетін кедергілер жайлы сұрап білді.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий