Ауған құрбандарын еске алды

Кеше Көкшетаудағы жа-уынгер-интернационалистер мемориалы алаңында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына орай гүл шоғын қою рәсімі болды.
Аталған іс-шараға Ауған со-ғысына қатысушылар, олардың ата-аналары мен туған-туыстары әскери мектеп тәрбиеленушілері қатысты. Патриоттық шараға қатысушылар Қазақстаннан аттанған
жауынгерлердің ерліктерін еске алып, олардың интернационалдық борыштарын абыроймен атқарғанын айтты. «Ауған соғысы ардагерлері мен мүгедектері қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуан-бай Ыбырай осындай шаралардың пайдасы зор екенін жеткізді. Шара соңында ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің құрметіне бір минут үнсіздік жарияланып, қатысушылар мемориалға гүл шоқтарын қойды.
Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармонияда Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 30 жыл толуына орай салтанатты жиын өтті.
Айтулы шараны ашқан облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова бүгінде Ақмола өңірінде 795 ауған соғысының ардагері тұратынын, олардың тәуелсіз еліміздің көркеюі жолында жемісті еңбек етіп жатқандарын жеткізді.
Бұл күні Ауғанстан аймағынан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 30 жыл толуына орай және ел тыныштығы мен қоғамның бейбіт өмір сүруіне, еліміздің амандығын және тыныштығын қамтамасыз етуге қосқан үлестері үшін ауған соғысының ардагерлері облыс әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий