Ауқымды жобалар алға басады

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Ақмола облысында болып, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты.

Сапар барысында Вице-премьер Бұланды ауданының Алтынды ауылындағы «Қайрат» шаруа қожалығында, Бурабай ауданындағы «Казбифпроцессинг» және «Есіл-Агро» серіктестіктерінде болды. Сондай-ақ, Көкшетаудағы Еуразиялық экономикалық кеңес аясында құрылған «Қазақстан агроинновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өндіріс цехтарын аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Облыстық әкімдікте Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев ауылшаруашылығын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесті облыс әкімі Мәлік Мырзалин ашып, өңірдің ауылшаруашылығы саласының даму жағдайын қысқаша айтып өтті.

Кеңес барысында вице-премьер алдағы көктемгі дала жұмыстарын ойдағыдай өткізу мәселесіне де тоқталды. Мемлекет аграршыларды қолдауды одан әрі жалғастыратынын айта келе, бөлінетін көмек қаржы мен несиелер цифрлық форматта орналастырылатынын, бұл қаржы айналымының ашықтығы мен қолжетімділігін қамтамасыз ететінін атап өтті. Кеңесте мал шаруашылығы да сөз болды. Әсіресе, етті және сүтті мал шаруашылығын дамыту және малдың індетін болдырмау, мал дәрігерлік қызметті жетілдіру мәселелері де айтылды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий