Ауқымды жұмыстар күтіп тұр

«Достар» мәдениет сарайында қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің өткен жылды қорытындылаған жиыны өтті. Оның жұмысына қала әкімінің орынбасары Бейбіт Жүсіпов қатысты. Өткен жылы атқарылған шаруалар ауыз толтырып айтарлықтай. Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің жетекшісі Айгүл Сәбитованың айтуынша, жүзеге асқан жобалар ұлттық құндылықтарды сақтап, насихаттауға бағытталды. Мәдени ұжымдардың республикалық және халықаралық деңгейдегі сайыстардан жүлделі оралуы соның айғағы. Биыл Ұлы Жеңістің 75 жылдығы, Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл, Шоқан Уәлихановтың туғанына 185 жыл, Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл, Әл-Фарабидің туғанына 1150 жыл сияқты айтулы даталар атап өтілмек. Қазақстан мен Ресей Федерациясы мемлекеттері басшыларының қа-тысуымен өтетін форумға дайындыққа баса мән берілген. Жиын барысында Көкен Шәкеев атындағы ақындар мектебінің қызметі, Красный Яр селосында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасының жүзеге асуы, «Асыл мұра» халықтық би ансамблінің жетістіктері жайлы баяндамалар тыңдалды. Қала әкімінің орынбасары Бейбіт Жүсіпов кез келген атқарылған іске нақты сараптама жасалуы тиістігіне тоқталды. Мәдениет қызметкерлерінің аттес-тациядан өтетінін еске сала келе, әр мекеме өзіне қатысты нормативтік актілерге жете назар аударғаны жөн деді. Сондай-ақ, кітапхана қорының толықтырылу барысы, электронды кітапханалардағы коворкинг-орта-лықтарының сұранысы,
оқырмандарды көптеп тартудың жолдары жайлы сұрап білді. Және де жұмыс бағытын өзгертіп, балаларды кітап оқуға қызықтырудың жолдарын іздестіру қажеттігін еске салды. Шара соңында бірқатар мәдениет саласының қызметкерлеріне төс-
белгілер, алғыс хаттар табыс етілді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий