Ауқымды міндеттер

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрайымдық етуімен қалалық әкімдік жанындағы қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Онда тыңдалған, көтерілген мәселелер Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында жүктелген тапсырмаларды жүзеге асыру жайы болды.

Красный Яр селолық округінің әкімі Нұрлан Айсин өз округіндегі қоғамдық кеңестің жұмысы жөнінде баян етті. Жұмыс негізіне Елбасы мақаласында көтерілген идея-лар алынған. Қоғамдық сананы жаңғырту, ашық пікіралмасу, ұлтаралық алғаусыз татулық, жас-тарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге баулу, адал еңбекке үйрету, бойларына патриоттық сезім дәнін егу – өткізілген шаралардың мазмұны осы. Әдеби мәдени-көпшілік шаралар «Көкше» мәдениет үйінде, мектептерде, кент алаңында өтсе, қоғамды, көпшілік орта мен табиғатты сыйлау, экологиялық-тәрбие спорттық жарыстар, сенбіліктер кең ауқымды қамтуда. Бақылауды қажет ететін 20 отбасы арнайы есепте тұр. Балалар мен жасөспірімдер мектебіндегі әртүрлі спорттық үйірмелерге 405 бала қатысады. «Алтын дауыс» байқауында да бақ сынағандар көп. Кеңес отырыстарында ұлттық тәрбие, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, жағдайы төмен отбасылармен жұмыс, көше атауларын өзгерту, тұрғындардың мәдениетін арттыру сияқты мәселелер талқылануда. Коғамдық жұмыстарға тек кеңес мүшелері ғана емес, кенттің ақсақалдары, танымал адамдар да кеңінен тартылуда.
Станционный кентінің әкімі Ардақ Тасқынбай да кеңестің тұрғындармен жұмысы туралы айтып өтті. 10 адамнан тұратын кеңес мүшелері белсенді. Кентте достық пен татулыққа үндейтін «Шаңырақ» клубы он жылдан бері тиімді қызмет атқарып келеді. Оқырмандар конференциясын өткізу де дәстүрге енген. Өтетін шараларға тұрғындар қатынасы да ойдағыдай. Тек Станционныйда мәдениет сарайының жоқтығы қолбайлау болып тұр. Ауқымды шаралар әзірше мектеп ғимаратында өтеді. Болашақта осы мәселе шешілсе, жолдары жөнделіп, жарықтандырылып, тазалық жүргізіліп, көріктене түскен кентте әлеуметтік-көпшілік жұмыстар бүгінгіден де жандана түсер еді. Жылма-жыл тұрғындар санының артуы мәдениет үйін салудың қажеттігін аңғартқандай.
Одан әрі «Ақмола облысының орыс қоғамы» этномәдени бірлестігінің төрағасы А.Артеменко өзі басқарып отырған қоғам жұмысы туралы есеп берді. Ол Қазақстан халқы Ассамлеясы сапындағы барлық әріптестермен ауызбірлікте, бірге қызмет істеп жатқандықтарын тілге тиек етті. Күн тәртібіндегі келесі мәселе қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латынға ауыстыру болатын. Бұл тақырыпқа Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ғалымдары А.Ысмағұлов пен С.Қасенов сөйлеп, жаңа әліпби туралы ойларын ортаға салды. Әрине, «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің үстіміздегі жылдың 26 қазаны күні Жарлығы жарияланды. Енді осы әліпбиді оқып-үйренудің тиімді жолдарын қарастырып, жетілдіруге тиіспіз. Оқу үстінде, күнделікті қолданысқа енгеннен кейін оны жетілдіру жолдары байқалса, мүмкін тағы да аз-кем өзгерістер енгізілетін де шығар деген пікір айтты ғалымдар. Сондықтан, іздену одан әрі жалғаса бермек. Мәселен, Түркияның осы әліпбиге көшу процесі жиырма жылға созылыпты. Негізінен, компьютерде латын әрпін күнде қолданып жүрген жандарға көп қиындық кезікпесі кәміл. Жиын үстінде қаралған мәселелер жөнінде кеңес мүшелері М.Қиықов, Б.Жанәділов пікірлерін айтты. Кеңес отырысын Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары А.Әміренова қорытындылады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий