Ашық пікір алмасты

Облыстық ішкі саясат басқармасының жанындағы өңірлік коммуникациялық қызметтің ұйымдастыруымен «Өрлеу» ұлттық біліктілікті көтеру орталығы» акционерлік қоғамының Ақмола облысының мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры Еркін Исімбаев ұстаздарға жасалып отырған қамқорлықтар, облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Қанат Доспаев егін алқаптарын өрттен қорғау жайлы ашық пікір алмасты.

«Өрлеу» ұлттық біліктілікті көтеру орталығы» акционерлік қоғамы Ақмола облысының мұғалімдер білімін жетілдіру институтының директоры Еркін Исімбаев биылғы жылдан бастап еліміздің мектептерінде білім беру мазмұны мен құрылымында бірқатар өзгерістер орын алғандығын айтты. Мектеп бағдарламасындағы өзгерістерге орай, мұғалімдер білімін жетілдіру институтының мамандары жаз айларында 1820 мұғалімді қайта даярлық курстарынан өткізіп, біліктіліктерін жетілдірген. Олардың басым көпшілігі бастауыш сынып және жаратылыстану пәндерінің мұғалімдері. Алты жастан бастап оқытылатын нольдік сынып сақталады. Содан кейін қазіргідей он бір жылдық білім беру бағдарламасы бойынша оқытылады. Биылғы оқу жылынан бастап бірінші сынып оқушылары бес күндік оқу жүйесі негізіндегі жаңа бағдарлама бойынша оқытылмақ. Оқытудың жаңа әдістемесіне көшу сатылап, ақырындап жүзеге асырылмақ. 2019 жылы жаратылыстану пәндері 10-11 сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға көшіріледі де, содан кейінгі жылдарда 8-9 сынып болып төмендей береді. Осылайша бірнеше жылдың ішінде үш тілде оқыту жүйесі толық енгізілмек. Тағы бір айта кетерлік жай, тілді үйрету бұрынғыдай грамматикалық негізде емес, ауызекі сөйлесу, сол арқылы күнделікті қолданылатын сөздерді меңгеру түрінде жүргізілмек. Бұл тілді үйреніп қана қоймай, сөйлесу деңгейінде меңгеруге де игі ықпалын тигізетін болады.
Төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары, подполковник Қанат Доспаев пен мемлекеттік өрт бақылау бөлімі басшысының міндетін атқарушы, майор Марлен Бабаев егіс алқаптарын өрттен қорғау шаралары жайлы айта келе, насихаттық жұмысты жандандыру қажеттігін тағы да еске салды. Азаматтық қорғаныс күштері, жергілікті полиция қызметі мен атқарушы органдарының орман мекемелерінен 19 ұтқыр топ құрылып, аталмыш кезеңде 134 рейд жүргізілді. Өткізілген шаралардың нәтижесінде 16 өрт қауіпсіздігі, талаптарын бұзушылық анықталып, кінәлі тұлғаларға жалпы соммасы 178164 теңге айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер, шаруа қожалықтары және тұрғындармен өрт қауіпсіздігі мәселесі бойынша дөңгелек үстелдер, алқалы жиындар өткізілді. Шара соңында Еркін Исімбаев пен Қанат Доспаев журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс