Аялдама жанында – қолайлы дүкен

Көкшетаудағы 4 аялдама жанынан сүт өнімдерін сататын шағын дүкендер ашылды. Олар халық көп шоғырланған «Орталық базар», «Бурабай», «Болашақ» және «Тігін фабрикасы» аялдамаларында пайда болды. «Онда «Көкшетау сүт зауыты» мен петропавлдық «Бескөл» және щучьелік «Айна» кәсіпорындарының сүт өнімдері сатылады. Биыл тағы осындай 3 шағын дүкен ашу жос-
парланып отыр. Олар Абай көшесінің бойындағы аялдамаларға қойылады», – дейді «Көкшетау сүт зауыты» сауда үйінің директоры Ерсайын Жақсылықов. Шағын дүкендер халыққа өте ыңғайлы. Аялдамада автобус күтіп тұрған жолаушылар қажетті сүт өнімін осы жерден алып, алаңдамай үйіне бара береді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий