Ағымдағы жылғы 20-25 маусым – «ЭКСПО-2017» көрмесіне арналған Ақмола облысының мәдениет күндері

Мерекелік бағдарламада мына мәдени шараларды қызықтай аласыздар:

20 маусым, 21.00-22.10-сағат – Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» атты гала-концерті, «ЭКСПО-2017» көрмесінің амфитеатры.
***
21 маусым, 19.00-21.00-сағат – Ақмола облысы мәдениет күндерінің салтанатты ашылуы, Астана қаласы әкімдігінің алдындағы алаң.
***
23 маусым, 11.00-17.00-сағат – «Ақмола жұлдыздары» атты гала-концерт, суретшілер мен қол-
өнершілердің көрмесі, «Отан қорғау-
шылар» монументі алдындағы «Парус» сахнасы.
***
22 маусым, 11.00-20.00-сағат – облыстық шығармашылық ұжымдарының «Дала сыры» атты концерті, «Қазанат» ипподромы.
***
«Қазанат» ипподромында, Көкшетау қаласы, Бурабай, Шортанды, Қорғалжын аудандары көркемдік шеберханалары шеберлерінің қатысуымен ұлттық нақыштағы табиғи заттардың көрмесі.
22-25 маусым аралығында «Қазанат» ипподромында орналасқан этноауылдың амфитеатрында, «Жастар» сарайында, М.Горький атындағы орыс драма театрында «Шыңғысхан» рок-операсы, «Көкше әуендері» атты концерттік бағдарлама, «Анамның ақ көйлегі» драмасы, «Бременские музыканты» балалар қойылымы, «Бесприданница» караоке-мелодрамасы, «Қарагөз» трагедиясы, «Алые паруса» қойылымы, «Дракон» трагифарсы көрсетіледі. Жұртшылықты осы шараны көруге шақырамыз.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс