Ағымдағы мәселелер талқыланды

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен дүйсенбіде өткен кезекті кеңесте ағымдағы көкейтесті мәселелер талқыланды.

Қала басшысы алдымен басты назарды мемлекеттік сатып алу процедурасын қолданыстағы заңдарға сәйкес дер кезінде жүзеге асыру қажеттігіне аударды. Бұл орайда қаржы бөлімі жекелеген бөлімдердің бюджеттік қаржыны игеруіне үзбей мониторинг жүргізуге тиісті. Ал, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тез арада депутаттық корпуспен бірлесе отырып, балалардың ойын және спорт алаңдарын орналастыратын орындарды анықтауы керек. Бірыңғай төлем орталығының сылбыр жұмысы қала әкімі тарапынан өткір сынға алынды. «Көкшетау-Жылу» коммуналдық кәсіпорнының жетекшісі банктермен ынтымақтастық туралы шарт жасалғаны туралы айтқанда, қала әкімі өз тарапынан берешектерді банк кассалары, терминалдар, интернет төлемдер арқылы өтеу жөнінде ақпараттық түсіндірме жұмыстарын кеңінен өрістетуді тапсырды. Мұның өзі бірыңғай төлем орталығында кезекті азайтады. Кеңесті қорытындылай келе Ермек Боранбайұлы төтенше жағдайлар басқармасы берген ақпаратқа сүйене отырып, авариялық тұрғын үйлердің жағдайы туралы жұмыс комиссиясының отырысын өткізуді тапсырды. Сондай-ақ, облыс орталығын газдандырудың жай-жапсарына да айрықша назар аударды.

Көкшетау қаласы әкімі
аппаратының баспасөз қызметі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс