Ағымдағы өзекті мәселелер

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен әкімдіктің кезекті отырысында су тасқынының алдын алу және облыс орталығын абаттандыру және алдағы жөндеу-құрылыс маусымына дайындық мәселелері талқыланды.

Қала әкімі Ермек Маржықпаев атап көрсеткеніндей, бүгінгі таңдағы ең өткір мәселе – көктемгі су тасқынының жаппай етек алуына жол бермеу. Бұл бағытта коммуналдық кәсіпорындар қаншалықты әрекет жасағанымен, қардың көп түсуіне байланысты жекеменшік секторды су басып қалу қаупі бар. Ал, бұл маңдағы қарды толығымен тазартып алуға үй қоршамдары кедергі келтіруде. Былтырғыға қарағанда Нұрлы көш және Станционный поселкесінде жағдай бірқалыпты. Мұнда су тасқынының пәлендей төтенше жағдайы байқалмайды. Өйткені, аталған елді мекендегі қар дер кезінде тасылыпты. Застанционный поселкесіндегі қиын учаскелерге қиыршық тас жеткізіліп, жинақталып қалған сулар қауіпсіз жерге ағызылуда. Қала әкімі су тасқыны кезінде электр жүйелері мен бу қазандықтарының жұмысына нұқсан келтірмеу үшін бұл нысандарда қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды тапсырды. Бірер аптадан кейін қалада дәстүрлі абаттандыру жұмыстары басталады. Осыған орай ғимараттың меншік иелері мен кәсіпкерлерді қатыстырып отырып дүкендерді, офистерді, банктерді безендіру жұмыстары қолға алынбақшы. Электр подстанцияларының маңы тәртіпке келтіріледі. Тағы бір жаңалық, алдағы жазда Ғабдуллин көшесінің бойында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, ені 14 метрлік жаңа көпір салынады. Станционный поселкесіндегі шағын алаңдар жасалып, абаттандырылмақ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс