«Ақбидай» ХХІХ жазғы спартакиадасы

Облыс әкімі Сергей Кулагиннің қатысуымен Астраханка селосында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ақбидай» ХХІХ жазғы спартакиадасының салтанатты ашылу рәсімі болды. Мерекелік бұл шара Астрахан ауданының 80 жылдығы және Астраханка селосының 120 жылдығына орайлас өткізілді. Өңір басшысы Сергей Кулагин «Ақбидай» ХХІХ жазғы спартакиадасына қатысушылар мен Астрахан ауданына 80 жыл және Астраханка селосына 120 жыл толуына орай жиналған көпшілікті шын жүректен құттықтап, Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын лайықты табыстармен қарсы алу жолында сәттілік тіледі.

DSC_4690

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев дене тәрбиесі мен спортты дамытуға, өскелең ұрпақты салауатты өмір салтымен тәрбиелеуге ерекше мән берді. Бұл қағидалар Елбасының «Стратегия-2050», «Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» концепциясы және 100 нақты қадам – ұлт жоспарында айрықша атап көрсетілген. Осынау өміршең міндеттерді орындау жолында облысымызда ауқымды іс-шаралар жүргізілуде. Нәтижесінде осызаманғы жаңа спорт кешендері мен залдар бой көтеріп, материалдық-техникалық базалар нығаюда. Бүгінгі таңда біздің 293 спортшымыз республикалық ұлттық құрама командасына мүше. Олар халықаралық және республикалық жарыстарда спорттық жоғары жетістіктерге жетіп, өңірдің мәртебесін өсірді. Тек қана биылғы жылдың өзінде біздің спортшыларымыз әлемдік және Азия біріншіліктерінде 21 медаль жеңіп алыпты.
Облыс әкімінің құттықтау сөзінен кейін үздік спортшыларымыз Сергей Кузнецов, Николай Щербинин, Меруерт Сүлейменова жазғы облыстық спартакиаданың алауын жақты. Аудан өнерпаздары Қазақстанның тарихи даму кезендерін бейнелейтін «Ата бабаларымыздан қалған мұра», «Ел бірлігі: бір ел – бір тағдыр», «Бақытты балалық шақ», «Туған жерден күш-қуат аламыз», «Ұлы дала елі» театрландырылған қойылымдар жасалды. Биылғы облыстық спартакиадаға барлық аудандардан 19 команда, бір мың спортшы қатысты. Олар футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, дойбы, стол теннисі және отбасылық старттар бойынша өзара сынға түсті. Ойын тартысты әрі қызықты өткен жарыс қорытындысы бойынша аудандар арасындағы жүлделі бірінші, екінші, үшінші орындарға Атбасар, Бурабай, Астрахан аудандары ие болды. Ал, Көкшетау қаласының командасы футбол, стол теннисі, жеңіл атлетика, шахмат, дойбыдан бірінші орын, волейболдан екінші және спорттық туризмнен үшінші орынды иеленіп, жалпы ұпай саны бойынша қалалар арасында жеңімпаз атанды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс