Ақмолалық 17 спортшы еліміздің намысын қорғайды

Ағымдағы жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығында Қазақстан ТМД елдері арасында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданы алғашқы болып қарсы алады. Осыған орай Алматыда Қысқы универсиада бағдарламасы бойынша спорттың 12 түрінен өтеді. Әлемнің 55 елінен 2000-дай спортшы қатысатын бұл сайыста бақ сынайтын қазақстандық саңлақтар барлық іріктеулерден өтіп, командалар спорттың әр түрі бойынша 90 пайызға жасақталды. Ақмола-лықтардың үлесіне келер болсақ, жер-лестеріміз Универсиада бағдарлама-сының 4 түрінен өнер көрсетеді.

Біздің облыстың атынан 2016 жылғы әйелдер арасындағы бокстан Әлем Чемпионы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері – Дина Жоламан өкіл болып саналады. Алаудың барлық жол-сапарында түсірілген сюжеттер республикалық және халықаралық телеарналарда «Эстафета күнделігі» түрінде көрсетіледі.

Биатлон: 1. Райкова Алина –1991 жылғы 14 тамызда туған, биатлоннан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылғы Дүниежүзілік Қысқы универсиаданың чемпионы. Қазіргі уақытта Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты болып табылады.
2. Кистанова Анна –1990 жылғы 26 тамызда туған, биатлоннан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 2015 жылғы Дүниежүзілік Кысқы универсиаданың күміс жүлдегері. Қазіргі уақытта Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты болып табылады.
3. Кондратьева Анастасия – 1994 жылғы 17 қаңтарда туған, биатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін Чемпионы, Қазақстан Республикасы Спартакиадасының Чемпионы. Қазіргі уақытта Щучинск индустрия, туризм және сервис колледжінің студенті болып табылады.
4. Ерёмин Роман – 1997 жылғы 14 қаңтарда туған, биатлоннан Қазақстан Республикасының спорт шебері, жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының қола жүлдегері, жастар арасындағы ІВU кубогы кезеңдерінің бірнеше дүркін жүлдегері. А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің студенті болып табылады.
5. Хамитгатин Тимур – биатлоннан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, 2015 жылғы Дүниежүзілік Қысқы универсиаданың қатысушысы, Қазақ спорт және туризм академиясының студенті.
Шаңғы жарыстары: 1. Мандрика Ольга – 1993 жылғы 19 маусымда туған, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, Қазақстан Республикасының чемпионы, 2013 жылғы Дүниежүзілік Қысқы универсиаданың қола жүлдегері, Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты.
2. Эбель Валентина – 1994 жылғы 18 ақпанда туған, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2015 жылғы Дүниежүзілік қысқы универсиаданың қатысушысы, Қазақ спорт және туризм академиясының магистранты.
3. Тюленева Валерия – 1997 жылғы 29 қыркүйекте туған, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының чемпионатының бірнеше дүркін жеңімпазы, әрі жүлдегері. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті.
4. Климин Олжас – 1996 жылғы 30 тамызда туған, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының чемпионы, жастар арасындағы Әлем Чемпионаттарының қатысушысы. Көкшетау қаласының азаматтық қорғаныс көпсалалы колледжінің студенті.
5. Борцов Константин – 1995 жылғы 24 қарашада туған, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының спорт шебері, шаңғы жарыстарынан Қазақстан Республикасының чемпионы, жастар арасындағы Әлем Чемпионаттарының қатысушысы, Әлем кубогы кезеңдерінің қатысушысы. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің студенті болып табылады.
Кёрлинг: 1. Сургай Анастасия; шайбалы хоккей: Қазақстан құрамасының намысын көкшетаулық «Арлан» хоккей клубының 6 спортшысы Савенков Константин, Петров Антон, Бурделев Антон, Акользин Павел, Ивашин Виктор, Казначеев Александр қорғайды.
2017 жылдың 25-29 қаңтары аралығында республиканың барлық жерінде ауқымды іс-шара – «Алау» эстафетасы өтеді. 28-ші Дүниежүзілік Қысқы универсиаданың ұйымдастыру комитетінің кестесі бойынша «Алау» эстафетасын Ақмола облысында 26 қаңтарда өткізу жоспарланған. Ал, 2017 жылдың 29 қаңтарында барлық өңірдің өкілдері оңтүстік астанамыз Алматы қаласының көшелерімен өтіп, он екі мыңдық мұз айдынында 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың ашылу салтанатына қатысады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс