Ақмоланың Астанадағы мәдени күндері

20 маусымда астаналық амфитеатрда «Арқаның кербез сұлу Көкшетауы» тақырыбымен Ақмола облысы шығармашылық ұжымдарының Гала-концерті үлкен табыспен өтті.

Ақмола облысының Астанадағы мәдениет күндерінің өтуіне байланыс-ты ұйымдастырылған шығармашылық ұжымдарының Гала-концертіне «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы А.Есімов, Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлы, облыс әкімі М.Мырзалин және басқа да ресми адамдар қатысты. Жұртшылықтың көңілінен шыққан Гала-концертте халық аспаптар оркестрі И.Штраустың «Радецкий маршын», саксафоншылар квартеті «Либертанто» композициясын, бірлескен шығармашылық ұжым «Халықтар достығы» хореографиялық сюитасын орындады. Жалпы, Елордада өтетін мәдени бұл мерекеге 1500-дей өнерпаз қатысатын болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс