Ақмола облысындағы кадрлық өзгерістер

Облыс әкімі Мәлік Мырзалин кезекті аппарат кеңесінде облыс активін бірқатар кадрлық өзгерістермен таныстырды.

УисимбаевҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен ағымдағы жылғы 25 қазандағы өкімімен Егор Яковлевич Каппель басқа жұмысқа ауысуына байланысты облыс әкімі орынбасары лауазымынан босатылды. Мәлік Мырзалин Егор Каппельге бірлескен жұмысы үшін алғысын айтып, облыс әкімінің ауылшаруашылығы мәселелері бойынша жаңа орынбасарын таныс-тырды. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің ағымдағы жылғы 25 қазандағы өкімімен бұл қызметке Асқарбек Съезбекұлы Үйсімбаев тағайындалды. Ол 1961 жылы Балқашын ауданында туған. Целиноград инженерлік-құрылыс инс-титуты мен Мәскеу құқық институтын бітірген. 1991-1998 жылдары ауылшаруашылығы өндірісінде бірқатар лауазымды жұмыстар атқарды. 1998-2013 жылдары Бұланды, Ақкөл, Целиноград аудандарының әкімі, Ақмола облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы болды. Бүгінгі күнге дейін Жарқайың ауданының әкімі болып істеді.

ЖаксылыковМәлік Мырзалин, сондай-ақ, Ақмола облысы кәсіпкерлер және өнеркәсіп басқармасының жаңа басшысы Ербол Жақсылықовты таныстырды. Ербол Жақсылықов 1976 жылы Көкшетау қаласында туған. Ол Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін инженер-экономист мамандығы бойынша бітірген. Еңбек қадамын 1998 жылы Көкшетау қаласы әкімі аппаратының экономика басқармасында бас маман ретінде бастады. 2004-2008 жылдары Ақмола облысы кәсіпкерлер және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары, директоры болып істеді. Әр жылдары «Морпорт Ақтау» арнайы экономикалық аймақ дирекциясының директоры, «Есіл» СПК ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарды. Күні бүгінге дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий