Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин өңір журналистерімен кездесті

3 сәуірде Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин республикалық медиа-ресурстардың меншікті тілшілері мен облыстық, қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының бас редакторларымен кездесті.

Кездесуді ашпас бұрын аймақ басшысы әріптестеріне «Қазақстан РТРК» Ақмола облыстық филиалының жаңа тағайындалған басшысы Әлібек Татановты таныстырды. Журналистермен пікір алмасу барысында облыс әкімі мемлекеттік органның ашықтығы оның демократиялығының ажырамас бөлшегі екендігін баса айта келе, алдағы уақытта ынтымақтаса жұмыс істеуге үміт артатындығын білдірді. «Азаматтық қоғамның маңызды тетігі болып табылатындықтан БАҚ-тар ел Президентінің саясатын кеңінен насихаттап, мемлекеттік бағдарламалардың аймақтардағы орындалу барысы туралы ақпаратты халыққа дер кезінде жеткізулері керек», – деді өңір басшысы өз сөзінде. Сондай-ақ, ол өңірлерде жүргізіліп жатқан реформалар туралы халыққа ақпараттық жеткізу деңгейін арттыру және мемлекеттік органдардың ашықтығы мен қолжетімдігін қамтамасыз ету бағытында әкімдік тарапынан БАҚ өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетілетінін ерекше атап өтті.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс