Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин кеше аппарат мәжілісінде Ақмола облысы әкімі аппаратының жаңа жетекшісін таныстырды. 

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен келісім бойынша облыс әкімінің ағымдағы жылғы 26 маусымдағы өкімімен Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі болып Қанат Бейбітұлы Шөкенов тағайындалды. Ол 1981 жылы Целиноград қаласында туған. Еңбек және әлеуметтік қатынастар қазақ академиясының Ақмола филиалын заңгер мамандығы бойынша, «Тұран-Астана» университетін қаржы бакалавр академиялық дәрежесін тағайындау бойынша бітірген. М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің магистранты. 2004 жылдан Қазақстан Республикасы Істер басқармасы саласында жұмыс істеді. 2008-2013 жылдары Істер басқармасының ресми шаралар және сыртқы байланыс бөлімі сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Істер басқармасының ресми шаралар және сыртқы байланыс бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды.

Аппарат мәжілісінде облыс әкімі ТМД Парламентаралық ассамблеясының кеңесінің шешімі бойынша дене тәрбиесі мен спорт басқармасының жетекшісі Н.Патюткинаға «Дене тәрбиесі, спорт және туризмді дамытуға қосқан үлесі үшін» құрметті төсбелгіні тапсырды. Облыс әкімінің орынбасары А.Мысырәлімова «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіндегі Ақмола облысы мәдениет күндерінің қорытындылары, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы А.Шаяхметов ағымдағы жылғы 28 маусымда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутатының сайлауына дайындық барысы туралы хабарлама жасады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс