Ақпараттық хабар

HszuXAXb

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының 3 тарауы 28 бабына сәйкес «Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы» ҚР Президентінің 2019 жылғы 9 сәуірдегі Жарлығын, «2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 10 сәуірдегі қаулысын негізге ала отырып, «Бұқпа!» газетінің редакциясы ҚР Президенттігіне кандидаттарға сайлауалды үгіт үшін баспа қызметін ұсынады. ҚР Президентін сайлау жөніндегі үгіт материалдарын орналастыруға шарт кандидаттарды тіркеу аяқталған сәттен бастап жасалады. Үгіт материалдарын жариялау 2019 жылғы 1 мамырдан 6 маусым аралығында жүргізіледі. Қосымша құн салығын қоса есептегенде біртүсті газет беттерінде жарияланатын үгіт материалдарының бір шаршы сантиметрінің құны 120 теңге. Газет айына 2 рет мемлекеттік тілде шығады. Газеттің форматы: А 3, – көлемі 5-6 баспа жолақтары, баспа тәсілі – офсетті.  Газеттің бір нөмірінің таралымы 1400 дана. Газеттің негізгі тақырыптық бағыты – облыстың қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өмірі және елдегі негізгі оқиғалар туралы материалдарды жариялау.

ҚР Президенттігіне кандидаттарға баспа қызметін ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясының кандидаттарды тіркеу туралы шешімі және БАҚ басшыларына жазбаша өтініші негіз болып табылады. Материалдар қағазға басылған дайын күйінде және электронды үлгіде ұсынылады. Онда әрбір парақта кандидаттың немесе сенімді өкілдің қолы болуы керек. ҚР Президенттігіне кандидаттардың сайлауалды материалдары ақысы 100 пайыз алдын ала төленген жағдайда келісімшарт бойынша жарияланады. Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидаттардың бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын сайлауалды материалдарында оның қаржыландыру көзі көрсетілуге тиіс. «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заң талаптарына мазмұны сәйкес келмейтін материалдар басылмайды.

«Бұқпа!» газетінің редакциясы.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий