Ақынның әсерлі әңгімесі

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде ақын, балалар жазушысы, аудармашы, журналист һәм «Көкшетау» газетінің бас редакторы Серік Сапарұлы Жетпісқалиев «Сыр-сұхбат» бағдарламасының құрметті қонағы болды.

Кездесуде оқушыларымыздың көкейлерінде жүрген сан түрлі сұрақтарына кешіміздің қонағы ағынан жарылып, еш бүкпесіз жауап беріп отырды. Кеш барысында белгілі әнші Мереке Бекмағамбетов ақын өлеңіне жазылған «Айнакөл жағасында» әнін шырқаса, мектеп оқушылары ақын өлеңдерін нақышына келтіре, жатқа оқып берді. Ақын да «қонақкәде» ретінде жыр шумақтарынан шашу шашып, домбырамен әуелете ән шырқады. Шара соңында белсене қатысқан оқушыларға ақын өзінің өлең жинақтарына қолтаңбасын қалдырып сыйға тартты. Аз ғана уақыттың ішінде өнегелі әңгіме өріліп, ақын жырымен сусындап, тамаша әннің ырғағына тербелдік. Сырласу кешімізден ақын ағамызға шабытыңыз шайқалмасын, жазарыңыз таусылмасын деген игі тілек айтып тарқастық.

Қайрат ЗАКЕРИЯҰЛЫ,
Назарбаев Зияткерлік мектебінің
мұғалімі

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс