Ақын тойы басталды

Көкшетаудағы «Достар» мәдениет сарайында Абай жылының салтанатты ашылуы өтті. Айтулы шараға қала әкімі Амангелді Смайылов және зиялы қауым өкілдері, мәдениет қызметкерлері, студенттер қатысты.

Ақынның ән мұрасы өзінің көркемдік құндылығымен заманауи ұлттық өнердің қайнар бұлағына айналды. Оның шығар-маларын арқау етіп, қазақ композиторлары әр жанрда бірнеше туындылар жазды. Рухани кеште «Астана Опера», «Шабыт» ұжымдарының өнерпаздары, «Гармония» және «Самғау» хор ұжымдары, «Дос-тар» мәдениет сарайының домбырашылар ансамблі Абай әндерін шырқап, көрерменнің зор ықыласына бөленді. Ұлы ағартушының туындылары қанша уақыт өтсе де, сахнадан түскен емес. Абай жылының салтанатты ашылуы ерекше форматта өрбіді. Жүрекке жақын, көкірекке жылылық ұялатқан «Желсіз түнде жарық ай» өлеңін мерейтойға келген барлық ағайын қосыла шырқады. Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы. Мұның дәлелі аймақта жыл сайын қалалық және облыстық деңгейде «Абайды оқы, таңырқа» атты көркемсөз оқу шеберлерінің байқауы дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий