«Аққу» ансамблі жүлдемен оралды

«Достар» мәдениет сарайында Қорқыт ата атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің түлегі Бекзат Жүсіповтың жетекшілігімен 2013 жылы құрылған «Аққу» қазақ би ансамблі Қырғызстанның Чолпан ата қаласында өткен «Ыстықкөл жұлдыздары» атты ІІІ халықаралық балалар мен жасөспірімдер фестивалінде 1-орынды иеленіп қайтты.

«Аққу» қазақ би ансамблі Қазақстан, Қырғызстан, Ресей елдерінен қатысқан көптеген би топтарының арасынан суырылып шығып, «Хореография» аталымында 1-орынды жеңіп алған. Қазылар алқасы осы байқауда қазақтың «Мереке» және «Белес» халықтық билерін ұсынған көкшелік  бишілердің кәсіби шеберліктері мен дайындықтарын жоғары бағалаған. Бұл – бишілердің үлкен додадағы алғашқы жарысы. Бимен айналысқандарына көп уақыт болмаса да жас өрендер кәсіби біліктіліктерін дәлелдей алды. «Бұған дейін облыстық байқауларға қатысып жүрдік. Үлкен байқауда алғаш рет олжалы оралдық. Әрине, жеңіске қол жеткізу оңай болған жоқ. Бишілеріміздің биіктен көрінуі қаламыз үшін де үлкен мерей. Балалардың осы байқауларға қатысуына барынша жағдай жасаған ата-аналарға алғысымыз шексіз», – дейді ансамбльдің көркемдік жетекшісі Дина Қожабаева.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс