Ақ жүректен ақ алғыс!..

«Достар» мәдениет сарайында 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел басындағы жылы жүздесу болып өтті. Оған Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Б.Жүсіпов қатысып, сөз сөйледі.
– Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2016 жылдың 1 наурызынан бастап бұл күн елімізде Алғыс айту күні болып аталып өтілуде. Мереке мақсаты белгілі. Елімізді мекен еткен көпұлтты халқымыз арасындағы өзара ынтымақ, татулық, ауызбірлікті нығайта түсу, бейбіт өмірдің тамырын біліп, қадірін түсіну. Бастарына күн туып, туған өлкелерінен ауып келіп қоныстанғанда қол ұшын берген қазақ халқына чешен-ингуш, кәріс, азербайжан, балқар, тағы басқа көптеген ұлттардың алғыстары шексіз. Ол алғыстардың ақ жүректен шыққан ақ алғыс екені даусыз. Елбасының өз отбасының да екі бөлмелі қоржын үйде тұрғандарына қарамастан 5 адамнан тұратын семьяны қабылдап алғанын білеміз, – деп сөз бастаған Бейбіт Әйтімұлы айтулы мерекенің мағынасына терең бойлады.
Шара үстінде теміржол техни-
калық кітапханасының бұрынғы кітапханашысы, зейнеткер Галина Ехлакова, №17 мектеп ассамблеясының мүшесі, оқушы Илхам Байрамкулов, №6 мектебі директорының орынбасары А.В.Наумова, орыс қоғамының өкілі И.Громов, қаламгер-мұғалім Әлия Ахетовалар сөз алды.
– Мектеп ассамблеяларының жұмысын тұрақты және мазмұнды жүргізу керек. Таптаурын, жай белгі үшін, қызықсыз шаралар өтпесін. Аға буын өкілдерін жиірек шақырып, балаларға өмір көрген, ақылман адамдар әңгімелерін тыңдатып тұру керек, – деді Бейбіт Әйтімұлы қорытынды сөзінде.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий