А.Райкованың алғашқы алтыны

Алматыда өтіп жатқан Универсиаданың екінші күнінде Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды Алина Райкова салды.   Словакияда өткен Универсиада кезінде де ақмолалық биатлоншы қыз жеңіске жеткен еді.   

Алина Райкова 15 км қашықтықта әйелдер арасындағы жарыста мәреге бірінші болып жетті. Қатты жауып тұрған қар мен қалың тұманға қарамастан, тартысты өткен бәсекеде біздің жерлесіміз жігерлілік танытты. Айта кетейік, Алина – Щучье қаласының тумасы. 13 жасынан полиатлон және биатлонмен айналысуда. Оның жаттықтырушысы Александр Морозов. Спорт шебері дәрежесін алғаннан кейін Алина биатлонмен айналысуға біржола көшті. ЦСКА-да сержант шенінде жарыстарға қатысуда. 2010 жылдан бастап ұлттық құраманың мүшесі. Биатлоннан жеке сайыста күміс жүлде де қазақстандық спортшы Галина Вишневскаяға бұйырды. Ол әлемдік рейтингте 14-ші орында тұр. Ал, қола жүлдені Надя Белкина еншіледі. Ол біздің отандасымыздан 2:23.6 уақыт қалып қойды.  Қазіргі уақытта Қазақстан қоржынында жеті медаль бар. Әзірге бір алтын, екі күміс, төрт қола.

5:0 есебімен!

Универсиада-2017 аясында қазақстандық құраманың мүшесі Кирилл Савицкий есеп ашып, қарсыластар қақпасына екінші шайбаны Ярослав Евдокимов тоғытты. Ойынның екінші жиырма минутында Константин Савенков шведтерді тұйыққа тіреді. Антон Сагадеев те үшінші бөліктің 49 минутында қарсыластарды қапы қалдырды. Қазақстандық хоккейші Гренц шведтер қақпасын шабуылдап, ойынның 56 минутында 5-ші голды соқты. Осылайша Қазақстан құрамасы 5:0 есебімен жеңіске жетті. Айта кетейік, «Арлан» хоккей клубының 6 ойыншысы еліміздің құрамасында Универсиадада өнер көрсетіп жатыр. Ақпанның 3-і күні Қазақстан хоккейшілері Чехия құрамасымен кездеседі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс