А.Смайылов: «Барлық мәселе заң жолымен шешіледі»

Көкшетау қаласының әкімі А.Смайылов, оның орынбасарлары әртүрлі сұрақтары, талап-тілектері бойынша қала тұрғындарын жиі қабылдап жүр. Сол қабылдаулардағы басшылар алдына ең көп қойылатын мәселелердің бірі – тұрғын үй мәселесі. Қаламызда соңғы жылдары тұрғын үйлердің ерекше қарқынмен, көптеп салынып жатқаны да рас. Соның арқасында үй кезегі айтарлықтай алға басты. Оны көріп, қуанып жүргендер аз емес.
Өткен жұма күнгі қабылдауында қала басшысы Бикен Бөкенова, «Алтын алқа» иегері Көпей Дүйсенова, «Алтын алқа» иегері, 1-ші топтағы мүгедек Бақыт Қожаназарова, Бибігүл Омаровалардың өтініштерін тыңдап, тірелген тығырықтан шығудың заңды жолдарын айтты. «Барлық мәселе тек қана заң жолымен шешіледі. Сондықтан, тұрғындар құжаттарын заңға сәйкес рәсімдеп, кезекке тұрулары керек. Сонда, ешкім бұлай қиналып, арызданып жүрмейтін болады. Тізім, кезек ашық түрде. Оны әркім компьютер арқылы арнайы сайттардан көре алады» деп түйіндеді қабылдауды әкім.
Осындай қабылдау-ларды әкімнің орынбасарлары Б.Жүсіпов,
Э. Әбуов, С.Шабаровтар да бөлімдер басшыларының қатысуымен қаланың әртүрлі аудандарында өткізді.

С.САПАРҰЛЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий