А.Смайылов: «Жол таза, ауыз су сапалы болсын!»

Қала әкімі А.Смайы-ловтың төрағалығымен әкімдіктің аппарат мәжілісі болып өтті. Онда тұрғындарды міндетті медициналық сақтандыру, қаланы таза ауыз сумен қамтамасыз ету және қыс мезгіліндегі қала тазалығы, жол-дардың қауіпсіздігі, сондай-ақ, Жаңа жыл мерекесін лайықты қарсы алу мәселелері талқыланды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орта-лығының директоры Б.Бисенбаев халықты медициналық сақтандыру жүйесінің қажеттігі, оның жеңілдіктері, күрделі, кешенді түрде ем алуға жол ашар мүмкіндігі туралы айта келіп, алайда осы бағдарламаға тұрғындардың әлі күн толық кірмей отырғанын хабарлады. Дегенмен, алда келер жылдың бірінші тоқсанында бұл олқылықтың орнын толтыруға уақыт бар.
«Демек, мамандар тұрғындарға сақтандырудың қолайлылығын жетімді түрде түсіндіре алмай отыр. Осы мәселеге шұғыл көңіл бөлу керек» деді қала басшысы.
«Көкшетау су арнасы» мекемесінің жетекшісі Е.Нұрғалиев қаланың су жүйесі, оның бүгінгі қиындықтары туралы баяндады. Мәселе түйіні қала тұрғындарына сапалы, таза ауыз су жеткізу. Қалалық құрылыс бөлімі су қоймасы мен оның тазалауыш құрылғылары құрылысын бастап кеткен. Жұмыс кезең-кезеңмен жүргізілуде. Красный Яр кентінде Заречная, Киров көшелеріне мүлде су желісі тартылмаған. Оны іске қосу келесі жылға жоспарланып отыр.
Көкшетау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары» бөлімінің
жетекшісі Ю.Шидловский қысқы маусымда ат-қарылар жұмыстар үшін қажетті арнайы техниканың сақадай сай екендігін жеткізді. Техника кіре алмайтын жаяу жүргіншілер жолдары, бұрылыстар мен қиылыстар қол күшімен атқарылады. Қалада барлығы 234 көше бар болса, оның 98-і тазаланады. Басқа көшелер тар болған соң, техника тазалау жұмыстарын жүргізе алмайды. Көптеген кәсіпорындар орналасқан өнеркәсіп аймағы да бұл тізімге енбейді.
Әкім бұл тізімді қайта қарап, қалай болғанда да тұрғындарға қолайлылық туғызудың жолдарын қарастыруды тапсырды.
Жиын соңында қала әкімі А.Смайылов келе жатқан Жаңа жыл мерекесіне орай ғимараттарды, көшелерді безендіруді, тиісті мамандарға, жол және өрт қауіпсіздігін жіті қадағалауды міндеттеді.
Аппарат мәжілісіне қалалық мәслихаттың хатшысы Ж.Әбішев қатысты.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий