А.Смайылов: «Іс ширай түсуге тиіс»

Көкшетау қаласы әкімінің төрағалығымен әкімдік мәжілісі болып өтті. Онда экономика және бюджетті жоспарлау бөлімі басшысының орынбасары Ә.Қабдоллаева, қаржы бөлімінің жетекшісі Г.Құсайыновалардың баяндамалары тыңдалды.
Баяндамашылар өткен жыл қорытындысымен қала жалпы барлық көрсеткіштер бойынша белгіленген межеден шыққандығын атап өтті. Әсіресе, «Камаз-Инжиниринг», «ЕНКИ», «Ақсай-нан Көкшетау», «Регионстрой» сияқты мекемелер табыстары жылды жақсы қорытындылауға әсер етті. Мәселен, «Камаз-Инжиниринг» 2019 жылы 1000 дана көлік шығарған. 2018 жылы бұл көрсеткіш 583 қана болған. «ЕНКИ» жұмысшылары 2018 жылы 130 мыңнан айлық алса, 2019 жылы 143 мыңнан қолға алды. «Ақсай-нанның» да көрсеткіші тұрақты өсуде. Қала басшысы барлық мекемелер бойынша кестеге үңіліп, кемшін тұстарға түсінік сұрап, талдады.
Одан әрі қала басшысы күнделікті мә-селелерге, оның ішінде көше қарын тазалап, шығару, жылу маусымын ойдағыдай өткізу, тәртіп, аяздағы сақтық, мұқтаж болғандарға шұғыл көмек көрсету мәселелеріне назар аударды.
Бірқатар мекемелер басшыларына арнайы тапсырмалар берілді.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий