Байланыс нығаяды

23 маусымда Көкшетау қаласында Польша Республикасы Нижнесилезский вое-водствосының делегациясы жұмыс сапарымен болды. Меймандармен облыс әкімінің орынбасары Асхат Қайнарбеков кездесіп, кеңес өткізді.

Экономикалық даму агенттігінің басшысы Марьюш Синьор Нижнесилезский воеводствосының экономикалық потенциалының тұсаукесерін өткізіп, Нижняя Силезия аймағындағы айрықша экономикалық аймақтардың қызметі жайлы айтып берді. Олардың жұмысы өнеркәсіпті өркендетуге, инновациялық технологияны, атап айтқанда автомобиль өнеркәсібін дамытуға бағытталған. Польша жерінде тарихи орындар көп болғандықтан туризмнің рөлі жайлы да әңгіме өрбіді. Асхат Қайнарбеков меймандарды облыстың өнеркәсіп саласындағы жетіс-тіктерімен таныстырды. Ақмола өңірі Польша ауылшаруашылығы өнімдерін экспорттаса, олардан ет, жеміс, дәрі-дәрмек, косметика, тоқыма бұйымдарын алады. Екі жақ алдағы уақытта да өзара тиімді ынтымақтастықты онан әрі дамытудың қажеттілігін қуаттады. Облыстық әкімдіктегі кеңестен кейін меймандар Достық үйінде «Ақмола облысы поляктар бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің өкілдерімен кездесті. Әулие Антония рим-католик костелінде, «Қазақстандық Агро-Инновациялық корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде болды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс