Балабақша – баршаның мәселесі

Құрметті ата-аналар! «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезектілікті қалыптастыру мен оның қызметін және жолдамаларды беру процесін автоматтандыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің  2017 жылғы 14 шілдедегі №337 бұйрығына  және «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет көрсету туралы 2017 жылғы 17 қазандағы №518 бұйрығына және «Ақмола облысы білім басқармасы» ММ 2018 жылғы 10 қыркүйектегі №266 бұйрығына сәйкес Көкшетау қаласында кіші жүйе арқылы (akmola.kz) бірыңғай электрондық кезек енгізілді.

Қазіргі уақытта балабақшадағы кезектілік ата-аналар өтінімінде көрсетілген баланың туған жылы контексінде бірыңғай  қалалық кезектілікке  қалыптастырылған  (белгілі бір балабақшада кезек жоқ). Кезектердегі өтініштер кезекке қойылған күн бойынша басымдық тәртібімен орналастырылады. Ақпараттық жүйе (akmola.kz) өтініш берушілерге кезекке қоюға өтініш беруге, берілген өтінішті өзгертуге (байланыс деректерін редакциялауға), өтінішті кезектен кері қайтарып алуға (кезектен алып тастауға), мемлекеттік немесе жекеменшік мектепке дейінгі ұйымға қабылдауға жолдама алуға немесе жолдама алуға мүдделілігін көрсетуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты әрбір ата-ана электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) алуы және кіші жүйеде тіркеуді жүзеге асыруы, сондай-ақ, басты бетте орналасқан нұсқаулықтармен танысуы қажет.

Бұл жүйеде жеңілдік санаттары екі түрге бөлінеді:

  1. Кезектен тыс (әскери қызмет-шілердің балалары). Осы жеңілдік санаты бар өтініш берушілер бос орындарға өтінім берген сәтте үш жасқа толған кезде кезектен тыс жолдама алады.
  2. Бірінші кезекте (заңды өкілдері мүгедек болып табылатын балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар және жетім балалар, көпбалалы отбасылардың балалары, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар). Жеңілдіктердің осы санаттары «үшке бір» арақатынасында жолдама алады. (Жеңілдікті санаттағы бір өтініш беруші және жалпы негізде үш өтініш беруші). Мысалы: төрт бос орын болған жағдайда бір орын жеңілдік санаты, ал үшеуі жалпы тізім бойынша бөлінеді.

Бос орындары бар жұмыс істеп тұрған  балабақшаларға кезектілігіне сәйкес берілетін болады, бұл мектепке дейінгі  балабақшаларды күнделікті осы жүйеде көрсетеді.

  1. Баланың кезегі келген жағдайда, өтініш беруші өтініште көрсетілген электрондық пошта және телефон нөміріне кезегінің келгені туралы хабарлама алады. Егер ата-ана бала бақшаны таңдамаса және регламенттік уақытқа сәйкес жолдама алмаса (сағат 9:00-20:00), үш күн ішінде бұл орын топтың жылына сәйкес барлық кезекте тұрғандарға қолжетімді болады (бұл ретте балабақшаны таңдамаған өтініш беруші кезекте қалады);
  2. Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алған кезде бала автоматты түрде кезектен алынады (бұл ретте мемлекеттік қызмет көрсету стандартына сәйкес өтініш беруші қазірдің өзінде мектепке дейінгі ұйымға тіркелген болса және барып жүрген болса, оның кезекке қоюға өтініш беруге мүмкіндігі бар);
  3. Егер ата-ана жолдама алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға келмесе, жолдама автоматты түрде жойылады және бала 10 жұмыс күні мерзіміне стоп-параққа жіберіледі. Өтініш стоп-парақта болған уақытта жолдама алу мүмкіндігі жойылады. Егер өтініш беруші берілген жолдаманың қолданылу мерзімін 2 рет өткізіп алса, онда бала кезектен автоматты түрде алынады;
  4. Мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға:

-егер баланың жасы 3 және одан жоғары болса;

-егер бала кезекте тұрса;

— балабақшада бос орындар болған жағдайда жолдама беріледі.

Мемлекеттік тапсырыс бойынша жекеменшік балабақшаға жолдама алған кезде кезек нөмірі маңызды емес.

Алайда, ата-аналар мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жекеменшік балабақшаға жолдама алған кезде баланың автоматты түрде кезектен алынып тасталатынын ескеруі қажет.

Барлық сұрақтар бойынша қолдау қызметіне, жүйенің басты бетінде жарияланған (8 (7162) 25-29-86) байланыс нөміріне хабарласуға болады.

Бейбіт ЖҮСІПОВ, Көкшетау қалалық білім бөлімінің жетекшісі

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий