Бала – үміт, бала – болашақ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай республиканың әрбір облыс орталығында бір мезгілде музыкалық оркестрлер мен ансамбльдердің шеруі ұйымдастырылды. Білім және ғылым министрлігі өткізген бұл шараға 3 мыңнан астам көкшетаулық жеткіншек қатысты. Тәуелсіздік алаңындағы мерекелік театрландырылған қойылымды облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Нүркенов пен қала әкімі Ермек Маржықпаев та жұртшылық өкілдерімен бірге тамашалады.

DSC_0071

Көкшетауда өткен шеру Пушкин көшесінен басталып, Тәуелсіздік алаңына дейін жалғасты. Балалардан құралған бірнеше барабаншылар отряды, үрмелі оркестрлер мен ансамбльдер, би ұжымдары салтанатты шарада жүріп өтті. Қаз-қатар тізіліп, түрлі-түсті киімдермен шерулеткен жеткіншектер мерекеге ерекше рең берді. Шара мерекелік концетке ұласып, бүлдіршіндер ән шырқап, би биледі. Жалпы, салтанатты шеру – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асыра отырып, өскелең ұрпаққа салтанатты және көше-фестивальды шеруі арқылы эстетикалық және патриоттық тәрбие беруді көздеді. Сондай-ақ, жалпыұлттық идеяны дамыту және қолдау болып табылды. Мереке барысында өткен музыкалық-театрландырылған қойылымдар бүлдіршіндерге ерекше көңіл-күй сыйлады.

DSC_7827Қатысушылардың біркелкі киім үлгісі әсерлі көрініп, мерекелік көңіл-күйге бөледі. Балалардың көңілдерін көтеріп, қала тұрғындарына арналған ауқымы кең шеруге студенттер, мұғалімдер, колледждер мен жоғары оқу орындарының ұстаздары, ата-аналар мен мәдениет және спорт салаларының өкілдері де атсалысты. Шараға облыс орталығындағы барлық мектеп оқушылары қатысты. Әр білім ошағының балалары жүріп өткен кезде сол мектептің жетістіктері айтылды. Бұл жас буынның бойында мақтаныш сезімін тудырып, олардың отансүйгіштік рухын оятары сөзсіз. «Бүгінгі шара, әсіресе, балаларға ерекше бақыт сыйлады. Барлық ата-аналар балаларын алып шығып, қала бойынша тұтастай той болып жатқандай әсерде тұрмыз. Біз де өз кезегімізде осы шараға атсалысып, балалардың осындай риясыз, жарқын күлкілеріне куә болғанымызға ризамыз», – дейді №21 орта мектептің директоры Мариям Қалиева. Қызықты репертуар, музыкалық инструменттердің әртүрлілігі, шығармалардың түпнұсқалығы, бірнеше түрдегі музыкалық қызметтің бірігуі музыкалық-театрландырылған шеруге мерекелік қалып тудырып, әсерлі тыныс берді. «Балаларымыз біздің болашақ болғандықтан, әрбір осындай жақсылықтар бізді де қуантады. Мұндай шерулердің болғаны жақсы. Әрине, балаларды патриоттық рухта тәрбиелеу үшін осындай шерулерді көрсету, Қазақстанның болашақ патриот азаматы ретінде оларды сезіндіру біздің парызымыз», – дейді қала тұрғыны Ерден Темірәлиев.
Балалар – өмірдің мәні, елдің болашағы. Тәуелсіз елдің іргесін қалаушылар. Әр шаңырақта сәбидің күлкісі сыңғырласын деген тілек білдірісті жиналған қауым. Халыққа шат-шадыман көңіл-күй сыйлаған бұл шерулі шара еліміздегі ерекше оқиғалардың бірі болды.

Әсем ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс