«Балдәурен» балалардың көңілінен шықты

Оқушылардың биылғы жазғы демалысында М.Ғабдуллин атындағы №3 көптілде оқытатын мектеп-гимназиясында «Балдәурен» жазғы демалыс мектеп алаңы жұмыс істеді. Онда 100 бала қабылданып, 4 топ болды. Лагерьде тәрбиешілер, медбике, психолог, дене шынықтыру жаттықтырушысы, домбыра, қолөнер, ағылшын тілі үйірме жетекшілері, аспазшылар,тазалықшылар қызмет атқарды. Күнделікті психологиялық жаттығу, тренингтер, дәрігердің кеңестері жоспарлы түрде өткізілді. Жұмыс атқару үшін 6 бөлме, теледидар, аудио аппаратура, компьютерлер, әртүрлі спорт құралдары бөлінді. Балалар «ЭКСПО -2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында, Халықаралық балаларды қорғау күніне орай әдебиет және өнер музейі ұйымдастырған «Біз бақытты баламыз» атты балғын суретшілер сайысына қатысып, жүлделі орындарға ие болды.

«Балдырған» тобында З.Махметова, Т.Хасенова, «Зерек» тобында С.Нұрқанова, Л.Ахметова, «Мұрагер» тобында Д.Сайлыбаева, Д.Өміртаева, «Ұлан» тобында Р.Сайлаубекова, А.Қабдөшева сияқты тәрбиешілер оқушылармен белсене жұмыс істеді. Бірінші кезеңде әлеуметтік жағдайы төмен 34 бала тегін ыстық тамақпен қамтылды. Топтар өз жұмыстарын жоспарлы түрде өткізді. Мектеп алаңы қаладағы әртүрлі мекемелермен тығыз байланыста жұмыс атқарды: «Бурабай» спорт сарайына аптасына 3 рет бассейнге, «Синема Әлем» кинотеатрына, мұражайларға, қалалық балалар кітапханасына, орталық алаңға саяхаттарға барды. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытатын ойын-сауықтар, спорттық, танымдық, интеллектуалдық іс-шараларға белсенді қатысты. Мысалы: «Бантиктер күні», «Салт-дәстүрлерді білейік!», «Мемлекеттік рәміздер күні», «Кім тапқыр!», «Музовидение» бағдарламалары ұйымшылдықпен өтті. Ағылшын тілі, домбыра, қолөнер үйірме жұмыстары жоспар бойынша өтіп отырды. Демалыс алаңындағы атаулы мерекелік күндер балалардың көңілінен шықты. 16 маусымда «Ән көңілдің ажары» және «Көкшетау-туған қалам» атты мерекелік концертпен І-ші кезеңнің жабылу кеші өткізіліп,балаларға сыйлықтар мен марапаттау қағаздары берілді.«Балдәурен» жазғы демалыс мектеп алаңының ІІ кезеңі 19 маусымнан 30 маусымға дейін жалғасты. 80 бала қабылданып, 3 топ жұмыс атқарды. Салтанатты ашылу рәсімінде балалар ән айтып, би билеп, өнерлерін ортаға салды. Ағылшын тілінде балаларға арналған қойылым қойылды. “Good bye, my summer school!” атты концерт өтті. Қатысушыларға сертификаттар тапсырылды. Оқушылар концертте өз өнерлерін көрсетіп, ағылшын, қазақ тілдерінде өлеңдер мен әндер айта отырып, би билеп, ағылшын тілінде «Snow White» сахналық қойылымын ұсынды. Демалыс алаңындағы әр күн атаулы күндермен аталып, қызықты да, тартымды өтті. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, белсенділік танытуға шақыратын ойын-сауықтар, спорттық, танымдық, интеллектуалдық іс-шараларға белсенді қатысты. Мысалы: «Қалпақтар күні», «Ертегілер әлемі», «Жас аспазшылар»,«Спорт–денсаулық кепілі» «Good bye, my summer school!» бағдарламалары әсерлі өтті. Демалыс алаңындағы атаулы мерекелік күндер балалардың көңілінен шықты. Күнделікті психологиялық жаттығу, тренингтер, дәрігердің кеңестері жоспарлы түрде өткізілді. Жоспарлы шараларды толық көлемде атқару үшін 6 бөлме, теледидар, аудио аппаратура, компьютерлер, әртүрлі спорт құралдары бөлінді. Демалыс мектеп алаңында әлеуметтік жағдайы төмен, ата-анасы мүгедек, жалғыз басты ата-аналар, көп балалы отбасы, толық емес жанұя, денсаулықтары нашар балалар бірінші қабылданды.
30 маусым күні «Алақай, демалыс!» атты мерекелік концертпен ІІ кезеңнің жабылу кеші өткізіліп, балаларға сыйлықтар мен марапаттау қағаздары табыс етілді.

Жанар ҚҰЛАЖАНОВА,
М.Ғабдуллин атындағы №3 көп тілде оқытатын кәсіби мектеп-гимназияның
бастауыш сынып мұғалімі.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс