Бал татыған балмұздақ

Ерекше атап өтерлігі, кәсіпорынның дәстүрлі балмұздағы 52 жылдан бері өз құрамын өзгертпеген екен. Серіктестік директоры Әсен Жақсылықовтың айтуынша, мемлекет қолдауымен биыл 25 миллион теңге инвестиция тартылған. Соның арқасында өндірісті ұл-ғайтып, жемісті балмұздақтың тағы 6 түрін шығару көзделуде. Итальяндық джелато балмұздағы да өзіміздің тәсілмен өндірілмек. Бүгінде Көкшетау сүт зауытының балмұздағы қаланың кез келген жерінде сатылуда. Тұрғындар бұл балмұздақтың ерекше дәмді екенін айтады. Зауыттың табиғи өнімдері мен дәстүрге адалдығын тұтынушылар жоғары бағалайды. Өңірге танымал кілегейлі пломбир, шоколадты балмұздақ дүкенде ұзақ тұрған емес. Алдағы уақытта енді қарақат, құлпынай мен киви дәмі бар жемісті балмұздақтар шығару да жоспарда бар. Сүт өңдеу ісінің шеберлері сан жылдар бойы дәмі өзгермеген балмұздақ әзірлеудің сырын жетік меңгерген. – Балмұздақты ескі әдіспен жасаймыз. Оны ешқашан өзгертуге тырысқан да емеспіз. Дәмі тура біздің балалық шағымыздағы тәттіге ұқсайды, – дейді зауыт технологы Нина Федосеева. Қазіргі күні зауытта 7 тоннаға жуық балмұздақ өндіріледі. Оның цехында өнімді сапалы, дәмді, өтімді етіп жасауда тәжірибелі мамандар жұмыс істейді. Зауытта сүт өнімдерінің 30-дан астам түрі шығарылады. Кәсіпорын өндіріс көлемін ұлғайтып, жаңа жұмыс орындарын ашуды да жоспарлап отыр. Мұнда өндірілетін сүт, сарымай, қаймақ, ірімшік, йогурт, бифидок өнімдері де дайын, таза, әрі сапалы тағамдар полэтиленді қаптар мен пакеттер арқылы тұтынушыға жеткізілуде. Бұдан біраз жыл бұрын кәсіпорында сүт өнімдерін сапалы өндіру үшін арнайы жабдықталған шетелдік технологиялар іске қосылған. Қазіргі кезде өндіріс орнында 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Олар сырттан әкелінетін өнімдерге қарағанда отандық белгісі бар өз өнім-деріміздің тұтынушыға сапалы күй-де жетуі үшін күні-түні еңбек етуде.

Әсем ЖҮНІС.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс