Барлығы заң аясында шешіледі

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев есеп беру кездесулерінде тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелер бойынша бірқатар нысандарда болды.

Қала басшысы Горький көшесі, 2 мекенжайы тұрғындарының өтінішіне құлақ түрді. Тұрғындар осы үйдің бірінші қабатында асхананың ашылуына қарсы. Айтуларынша, жоғары қабаттарға үнемі жағымсыз иіс көтеріледі, үйдің кәріз жүйелері ескіргендіктен, жағымсыз иіс шығады. Тарақан, тышқан, кеміргіштер көбейеді. Көліктің көптігінен кептеліс те көп, жаяу жүргіншілерге аса қауіпті. Оның үстіне үй ішінен ашқан асхана орнын кеңейтпек болған кәсіпкерлер бей-берекет қабырғаларды жылжытқан. Жоғары қабаттағыларда ескі ғимарат опырылып түсіп, бала-шағамыз опат болама деген үрей басым. Бөлменің қауіпті тұстарына қайтадан тіреу орнатылса екен деген өтініштерін жеткізді. Кәсіпкер өз сөзінде құжаттар заңға сәйкес және барлық техникалық талаптарға жауап беретінін, жаңа нысанның ашылуы тұрғындарға еш кедергі келтірмейтінін, тыныштық, тазалық әркез сақталатынына сендірді. Айтуынша ғимараттың жөндеуі мен құрал-жабдықтар алуға біраз қаражат жұмсаған. Екі жақтың да өтінішін мұқият тыңдаған қала әкімі барлығы заң аясында шешілетінін ескертіп, тиісті ведомство өкілдеріне, сондай-ақ, кәсіпкерлік пен сәулет, сан-эпидемстанция бөлімдеріне жағдайды бақылауда ұстап, жан-жақты, мұқият тексеруді тапсырды. Әзірге құрылыс жұмыстары тоқтатылады. Аталған нысанға қатысты шешім он күннің ішінде қабылданатын болады.
Әкімнің есептік кезде-суінде «Ақбидай» ПИК-нің төрайымы Лариса Кучма қаладағы Сүлейменов көшесі бойындағы аулаларды жөндеу мәселесін көтерген болатын. Кездесуде әкім аулаларды арнайы келіп көруге уәде еткені белгілі. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі мен коммуналдық қызмет өкілдерімен бірге әкім осы аумақты аралап көріп, жөндеу жүргізу үшін жобалық-сметалық құжаттама жасауды тапсырды. Атқарылатын жұмыстар екі жылды қамтиды. Проблемалық учаскелер де назарда ұсталмақ. Әкім
аулаларды жаңғырту жұмысын жеке бақылауына алатынын жеткізді.

Ә.ҚҰЛЖАНОВА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий