Барлық мәселе – назарда

Көкшетау қаласының әкімі Амангелді Смайылов азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің директоры Құралай Ыдырысова Жамбыл көшесі, 140 мекенжайы бойынша жол жөндеу, абаттандыру мәселесін алға тартты. Қала басшысы Жамбыл көшесінен Тәшенов көшесіне дейінгі жол учаскесі 2019 жылғы ағымдағы жол жөндеу жұмыстарының жоспарына енгізілгенін мәлімдеді. Қала тұрғыны Мұрат Қапашев Вавилов көшесі бойында коммуникациялық желілер тарту мәселесін көтерді. Әкім өз сөзінде Вавилов көше-сіндегі жол жөндеу жоспарына канализация желілерін жаңарту жұмыстары енгізілмегенін, аталған көше тұрғындары инженерлік желілерге өз қаражаттары есебінен қосылатынын түсіндірді. Қалалық құрылыс бөлімі Вавилов-Гете-Мицкевич көшелеріне 2016 жылы су желілері тартылғанын хабарлады.
Қабылдауға жазылған Бақыт Рахымжанова тұрғын үй мәселесін алға тартты. Айтуынша, көпбалалы ана ретінде үй кезегінде 870-ші болып тіркелген. Қала әкімі пәтер тек заң аясында кезекпен берілетінін жеткізді. Центральный, 55 үй тұрғындарының атынан келген Айдана Батталова үй, газгольдер, балалар ойын алаңының сапасына қатысты көпшіліктің тілегін жеткізді. Оның өтінішін тыңдай келе әкім «Газ Қызмет» ЖШС орталықтандырылған газбен қамту жұмыстарын бастағанын, ал сапасыз құрылыс жұмыстарына қатысты қалалық құрылыс бөлімі «Жақия» ЖШС-не жіберілген кемшіліктерді түзету жөнінде талап қойғанын айтты.
72 жастағы қала тұрғыны Рәзия Тобашева кәсіпкерлікпен айналысады. Гүлдер павильонының иесі ол бизнесін жүргізіп отырған жер учаскесі уақытша пайдалануға берілгендіктен, жалға алу мен келісімшарт мерзімін ұзарту қажет екен. Кәсіпкер бизнесін әрі қарай дамыту үшін қосымша жер телімін сұрады. Өтініш иесіне қалалық сәулет-құрылыс бөлімінің мамандары жазбаша жауап жіберетін болады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий