Барлық салада қарқын байқалады

Елбасының төрағалығымен өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы қаралып, осы жылы атқарылатын істер сараланған Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Жиынға Үкімет мүшелері, Астана, Алматы және Шымкент қалалары мен облыстардың әкімдері, орталық мемлекеттік органдар мен министрліктер басшылары қатысты. Қазақстан экономикасының барлық саласында жақсы қарқын байқала-ды деді өз сөзінде Нұрсұлтан
Назарбаев. «Жалпы, 2018 жылдың көрсеткіштері экономиканың барлық саласында жақсы деп айтуға болады. Соның арқасында халыққа әлеуметтік қызмет көрсететіндей жағдай болды. Атап айтсақ, экономиканың өсімі 4 пайыздан асты. Бұл жалпы дүниежүзілік орташа өсімнен жоғары. Негізінен саудада 7,6, көлікте 4,5, өнеркәсіпте 4 па-йыздан астам өсім бар», – деп Президент ел экономикасының басқа да салаларында жақсы қарқын байқалатындығын атап өтті. «Инфляцияның өткен жылғы көрсеткіші 5,3 пайызды құрады. Солай деп жоспарлаған едік. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 17 пайыздан асты. Бұл да жақсы көрсеткіш деп айтуға болады. Аталған экономикалық көрсеткіштердің барлығы халық тұрмысын жақсартып, нақты табысының артуына өзінің үлесін тигізеді», – деді Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы бұдан бұрын 5 облыс әкімімен кездескенін еске салып өтті. «Есептерін тыңдадық. Өңірлерде де істеліп жатқан шаруа аз емес. Барлығы біздің бағдарламаларды орындау үшін атсалысып, жұмыс істеп жатыр», – деді Елбасы. Президент тұрғын үй құрылысында отандық материалдарды пайдалану ел экономикасының локомотиві болып саналатындығын баса айтты. «Барлық әкімдер қажетті материалдардың барлығын облыстарда шығуын және құрылыста пайдалануын қатаң бақылауға алыңыздар. Сонда басқа да мекемелерге жұмыс бересіздер, табыс табады», – деп ескертті Нұрсұлтан
Назарбаев. Өнеркәсіп саласы
бойынша өңірлер арасында Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола облыстары мен Астана қаласы көш бас-тап келеді делінді жиында. Биылдан бастап Қазақстан өзінің бензинімен және дизель отынымен қамтамасыз етіледі. Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ерболат Досаев осылай мәлім етті. Президент өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәселесін шешудегі шараларды оң бағалады. Сондай-ақ, Үкімет отырысында агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайында ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Өмірзақ Шөкеев, инфрақұрылымдық даму жайында Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек баяндады. Мұнан бөлек, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайында Жамбыл мен Батыс Қазақстан облыстарының әкімдеріне сөз берілді. Ақмола облысының әкімі Мәлік
Мырзалин де кеңес отырысына қатысты.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий