Баршаға ортақ мереке

Кеше облыс әкімі Ермек Маржықпаев «Ақсай нан Көкшетау» кәсіпорнының еңбек ұжымын биыл елімізде алғаш рет атап өтілетін Нан күні мерекесімен құттықтап, ел экономикасының маңызды саласын дамыту жолындағы еңбек-теріне табыс тіледі.
Алдымен өңір басшысы нанның тәтті иісі аңқыған зауыт ішін аралап көрді. Болашақ қалаш, бөлке, батон нандар әбден көтерілгеннен кейін төрт камералы пешке салынады. Цехта мұндай бірнеше пеш бар. Пештің әр камерасының өз температурасы бар, қызуы қаттысы – екіншісі, ал, үшінші мен төртіншіде қызу сәл баяу. Дәл осындай температуралық режимде нан өнімдері бірқалыпты қызарып піседі.
Тұрғындарға 130-ға жуық нан өнімдерін ұсынатын кәсіпорынның қалада бес, елордада алты дүкені жұмыс істейді. «Кәсіпорында 160 адам еңбек етуде. Орташа жалақы 90-95 мың теңгені құрап отыр. Қазіргі уақытта ел нарығының 45 пайызын өз өнімдерімізбен қамтып отырмыз. Нан пісіруге қажетті шикізат бағасы өскенімен, біз 550 грамдық әлеуметтік нан бағасын 70 теңгеден асырған жоқпыз. Бір атап өтерлігі, кәсіпорын 2016 жылдан бері бірінші, екінші сұрыпты нанға түрлі дәрумендермен байытылған ұнды пайдаланады. Ол Шығыс Қазақстаннан жеткізіледі», – дейді кәсіпорын директоры Сәуле Қуантайқызы.
Облыс әкімі кәсіп-орынның осы уақыт ішінде жүзеге асырған ауқымды істері мен мақсаттарын қуана қуаттап, ризашылығын білдірді.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий