Баспаналы болды

Астана күніне орай Көкшетауда көпбалалы және әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар мен жетім балалар жаңа пәтердің кілтіне ие болды. Сарыарқа шағын ауданында «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салынған жаңа тұрғын үйден пәтер кілтін тапсыру рәсіміне аймақ басшысы Ермек Маржықпаев қатысып, шаңырақ иелерін Астана күнімен және қуанышымен құттықтады. «Баршаңызды Астана күнімен шын жүректен құттықтаймын. Жас елорданың қуанышы – әрбір қазақстандық үшін маңызды мереке. Бүгінгі Нұр-Сұлтан – қарыштап дамыған мемлекеттің, мәңгілік достықтың символы. Қаланың әлем халықтарына мақтана көрсетер жетістіктері аз емес, болашағы жарқын қала. Еліміздің төрінен аз уақытта бой көтерген әсем қаланы тұрғызу – бұл Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор еңбегі екені сөзсіз. Сондықтан да, Қазақстанның жүрегі мәңгі соғып, бас қаласы одан әрі гүлдене берсін!» – дей келе аймақ басшысы Ермек Маржықпаев бас-паналы болған көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен жетім балаларға жаңа пәтердің кілтін табыс етті. Жыл басынан бері Ақмола облысында 15 мың шаршы метр баспана беріліп, 750 отбасы пәтерлі болды. Жыл соңына дейін тағы 50 мың шаршы метрге жуық баспана өз иесін табады.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий