Баспаналы болғыңыз келсе…

Елімізде тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасы басталғаннан бері «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» арқылы мыңнан астам ақмолалық отбасы жаңа пәтерге ие болды. Яғни, 70 мың шаршы метр баспана ел игілігіне берілген.
Кейінгі жылдары қолға алынған «Нұрлы жол» және «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламалары бұл көрсеткіштердің еселеп артуына жол ашып отыр. Соңғы жылдары көкшетаулықтар тұрғын үй сатып алу жөнінен алдын ала салым, несие және жинақ секілді тетіктерді көптеп пайдалана бастады. Әсіресе, соңғы екеуі қазір баспаналы болам деген жандарға ең бір оңай жолы болып отыр. Бүгінде Ақмола облысы бойынша 27 мың салымшы банк арқылы баспаналы болудан үмітті. Олардың алды біртіндеп қоныс тойын тойлап та жатыр. Айталық, жыл басынан бері 156 отбасы баспаналы болса, жыл соңына дейін тағы 90 адам өз салымы мен жинағының нәтижесін көреді деп күтіліп отыр. «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» облыстық филиалының бөлім жетекшісі Әсет Боранбаев: 2018 жылы 365 пәтер беру жоспарланып отыр. Бұл тұрғын үйлер «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша салынуда. Ол бағдарламаға кез келген адамның қатысуға мүмкіндігі бар. Аталған бағдарлама бо-йынша тұрғындар пәтер құнын толық төлеп болған соң барып, өз баспаналарының заңды иесі атана алады. Алдағы жылдары Көкшетау қаласының іргесінен «Нұрлы жер» бағдарламасымен жер үйлер де берілуі мүмкін, – дейді мамандар.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс