Батырлар тартысын тамашалады

Қала әкімі Амангелді Смайылов «Рио» ойын-сауық және сауда орталығында Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған тағы бір тартымды шара – «Батырлар шайқасы» деп аталған алып күш иелері қатысқан спорттық доданы тамашалады.

Бұл «Batyrs battle» деген жобаны ұйымдастырып, ұйытқы болып, жария етіп жүрген атақты күш иесі Сергей Цырульниковтің думан-додасы екен. Әйгілі Балуан Шолақ пен Қажымұқанның өнерін жаңғыртып, істерін қайталап, көрерменді салауатты өмір салтын ұстанып, спортқа тартуды мақсат еткен оның көрсетілімдері расында да таң қаларлық. Ерекше күшті қажет ететін нөмірлер бойынша әлемнің төрт дүркін жүлдесі, Гиннес кітабына енген, волейболдан спорт шебері, кір тасын көтеруден спорт шеберлігіне кандидат Сергей Валерьевич пен оның серіктері жүздің, мыңның бірінің ғана қолынан келер өнерлер көрсетіп, көңілдерін мереке қуанышы кернеген көрерменге таңдай қақтырды.
А.Смайылов С.Цырульниковтің ұлтымыздың біртуар ұлдарының өшпес өнерлерін насихаттап жүргені үшін алғыс айтып, оның бастамасын қолдайтындығын алға тартып, ісіне сәттілік тіледі.

Серік САПАРҰЛЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий