Батыр атағын алған күн

30 қаңтар – даңқты жерлесіміз Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілген күн. Бұл Алтын Жұлдыздың бағасы қазақ халқы үшін өте қымбат. Соғыс басталған күннен бастап небір ерен ерлік жасаған қазақ жауынгерлерінің қаһармандығы осы күні мойындалғандай еді. Мәлік Ғабдуллиннің өзі: «Бұл маған ғана емес, қазақ халқына берілген атақ» – деген. Осы айтулы күнге орай Көкшетау қаласында бірқатар игі шаралар ұйымдастырылды. Орталық саябақтағы Мәлік батыр ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, Көкшетау техникалық институтында «Батыр – тағдыр, ғылыми – ғұмыр» тақырыбында ғалымдар, қоғам қайраткерлері, студент-жастар, курсанттардың қатысуымен семинар өтті. Ал, Мағжан Жұмабаев атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасында «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубына жаңа мүшелерді қабыл-дау рәсімі өтіп, «Абайдың інілері, қазақтың ірілері» атты оқушылар арасында ұйымдастырылған шығарма байқауының қорытындысы жарияланды. Жас ұландықтар Отанға адал қызмет етуге ант беріп, Мәлік атасының батырлық үлгісін бойына сіңіруге уәдесін берді.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий