Батыр ауылы көркейе түспек

Ақкөл ауданына қарасты Еңбек ауылы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, өңірдің мақтанышы Сағадат Нұрмағамбетовтың туған өлкесі ретінде танымал. Бүгінде ауылды көркейтуге байланысты жұмыстар жүргізілуде. Ал, ауыл мектебіне батырдың есімі берілмек. Армия генералы, еліміздің тұңғыш қорғаныс министрі, Халық Қаһарманы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетов көзі тірі болса, биыл 96 жасқа толар еді. Оның ерлігі ел есінде. Әсіресе, туған жері Еңбек ауылы батыр есімін ұлықтауға барын салуда. Еңбек орта мектебіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Ол үшін бюджеттен 165 млн теңге қаражат бөлінген. «Жөндеу жұмыстары басталып кетті. Уақытында аяқтаймыз деген сенімдемін. Сонымен қатар, көшелерді жарықтандыруға, жолдарды жөндеуге және абаттандыру жұмыстарына да қаражат бөлінді. Жоспарланған бұл жобалар ауылымызды көркейтіп, «Еңбектің» бет-бейнесі батырымыз Сағадат Нұрмағамбетовтың атына толықтай сай болатынына кәміл сенімдімін», – дейді Еңбек ауылдық округінің әкімі Сағындық Абаханов. Ауылдың мәдени спорт кешеніне де күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған 149 млн теңге қаржы бөлінген. Жаңа үйлер, балаларға арналған алаңқайлар салынуда. Бұл өзгерістер ауыл тұрғындарын қуантып отыр. Ауылдық округте барлығы мыңнан астам тұрғын бар.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий