Баға негізсіз көтерілмейді

Көкшетауда ет сатып алушылар еттің бір келісінің бағасын 2300 теңгеге көтеріп үлгерген. Қаланың базарларын аралаған аймақ басшысы Ермек Маржықпаев азық-түлік тауарларының бағасын реттеуді қатаң тапсырды. Карантиндік режимге байланысты қазіргі уақытта өңірлерден облыс орталығына келіп түсетін еттің көлемі азайып кеткен. Осының салдарынан сатушылар етті жоғары бағамен сата бастаған. Аймақ басшысы мұндай жағдайға жол беруге болмайтынын атап өтті. Ол бекітілген баға шегін қатаң сақтауды талап етті. Қазіргі кезде, сауда орындарына етті үздіксіз жеткізу қайта жолға қойылды. «Орталық базар» акционерлік қоғамының директоры Дмитрий Игнатьевтің айтуынша, ет өнімдері бойынша мәселе туындаған. Облыс орталығына кіретін жолдардағы блокпосттарда ет тасымалдаушыларға арнайы талаптар қойылды. Қазір бұл мәселе реттеліп, ет тапшылығы жойылды. Ал, бағаға келсек, белгіленген шекті бағаны сақтауға мүмкіндік бар, қымбатшылыққа жол берілмейді. Облыс әкімі Ермек Маржықпаев комиссияда бекітілген 9 түрлі азық-түліктің әрбіреуінің бағасын мұқият қадағалау және сақтау қажеттігін атап өтті.  Бұдан былай кәсіпкерлердің азық-түлік бағасын көтеруге құқы жоқ. Әр өңірде азық-түлік тауарларының 9 түріне шекті бағалар бекітілді. Осылайша, Ақмола облысында бірінші сортты бидай ұнының бір келісі 148 теңге, бірінші сортты ұннан пісірілген 550 грамдық бөлке наны 88 теңге тұрады. Бір килограмм сиыр еті 1800 теңгеден аспауы керек. Орамдағы макарон өнімдерінің бір келісі 215, қарақұмық жармасы мен күріштің бір келісі тиісінше 339 және 307 теңге тұруы тиіс. Бірінші санатқа жататын жұмыртқаның оны 267 теңгеден, ал, күнбағыс майының бір литрі 417 теңгеден, тұздың бір келісі 51 теңгеден аспауы қажет.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий