Бағдарымыз – айқын, болашағымыз – жарқын

Көкшетаудағы «Қоғамдық келісім» үйінде өткен дөңгелек үстел барысында ақмолалық іскер әйелдер «NurOtan» партиясының атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасының ұсынылуына қолдау білдіретіндерін арнайы мәлімдеді.

Еркін форматта өткен шарада қатысушылар алда өтетін президенттік сайлауға қатысты пікірлерімен бөлісті. «Іскер әйелдер ассоциациясы нәзік жандыларды кәсіпкерлікке тартып, саяси белсенділігінің артуына зор үлес қосып келеді. Тарихи маңызы зор оқиға алдында өткізіліп отырған шараға «JasKanattar» жас-тар қанатының өкілдері де қатысып отыр. Шараның мақсаты – жұртшылықты сайлауға бір адамдай
жұмыла қатысуға шақы-ру», – дейді «Ақмола облысының іскер әйелдер ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Дәмелі Қойшина.

«Көкшетау автобус паркі» ЖШС бас директоры, қалалық мәслихат депутаты Әсия Шәрімова өтпелі кезеңнің қиын тұсында мемлекет қолдауының арқасында кәсіпорынды аяғынан тік тұрғызуға мүмкіндік туғанын алға тартты: –1946 жылы негізі қаланған кәсіпорынды жиырма жылдан бері басқарып келемін. Басшылық қызметке кіріскен уақыттан бастап техника тілін бүге-шігесіне дейін жетік меңгеруге тырыстым. Ұжымда 240 адам жұмыс істейді. Тоқсаныншы жылдары күрделі кезеңді бастан өткердік. Жергілікті атқарушы органның қолдауымен тығырықтан шығып, ойға алған жоспарларымызды жүзеге асыра бастадық. Осы жылдар ішінде автобустар саны көбейтілді, тұрғындарға қызмет көрсету сапасы жақсарды. Халықаралық дәрежедегі автобус-
тарымыз «Көкшетау-Омбы» бағытында қатынай бастады. Цифр-ландыру аясындағы жаңашылдықтарды алғашқылардың бірі болып қолға алудамыз. Елімізде еңбектенгісі келген жандарға мүмкіндік мол. Ұлт көшбасшысының бас-тамасымен қолға алынған бағдарламалар табысты жүзеге асырылуда. Алда өтетін саяси оқиға еліміз үшін маңызды тарихи оқиға. Еліміздің жетекші саяси партиясы ұсынған үміткер Қасым-Жомарт Тоқаев президенттікке лайықты тұлға деп есептеймін. Көпшілікті сайлауға белсене қатысуға шақырамын!

Гуманитарлық-техникалық лицей директоры, Ақмола облысының саясаткер әйелдер клубының мүшесі Наталья Дементьева еліміздің білім беру саласындағы өзгерістер, оқытудың жаңа әдістеріне тоқталды: – Білім саласында еңбек етіп келе жатқаныма – 17 жыл. Ең алғаш мұғалім болып білім ордасында еңбек жолымды бастаған сәттен бастап тынбай еңбектенудің арқасында бірқатар жетістіктерге қол жеткіздім. Бір кездері өзім білім алған лицейді үш жылдан бері басқарып келемін. Осы жылдары Тұңғыш Президентпен бес мәрте кездесу бақытына ие болдым. Бұл өмірімдегі ең бір ұмытылмас кезеңдер деп есептеймін. Ол кісімен әр дидарласқан адам оның ерекше әсерін сезінеді екен. Сондай кездесулерде Елбасының білім саласын бірінші орынға қоятынына көз жеткіздім. Өзгерістер алдымызда көз ілеспес жылдамдықпен өтуде. Ұстаздар қауымы сол жаңашылдықтарды оқушылармен бірге танып-білуде, үлкен ізденіс үстінде. Алда өтетін кезектен тыс президенттік сайлау ел мүддесі үшін өте маңызды, жауапты шешім. Қазіргідей аумалы-төкпелі уақытта осы кезге дейін қол жеткізген бірлігіміз бен тыныштығымызды сақтап, Ұлт көшбасшысы салып берген сара жолдан айнымай, дамыған елдердің қатарынан көрінуіміз қажет.  Президенттікке үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасының саясатын жалғастыратынына, еліміздің жарқын болашағын қамтамасыз ете алатынына кәміл сенемін.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий