«Бақытты жанұя – бақытты ел»

Отбасылық құндылықтарды сақтай отырып, жаңа салт-дәстүрлерді жандандыру мақсатында Көкшетау қаласында да тың бастамалар туындауда. Соның бірі – жаңадан шаңырақ көтерген жас жұбайларға арналған пилоттық жаңа «Бақытты жанұя – бақытты ел» арнайы курсын айтар едік.

Жас жұбайларға арналған жаңа жобаны жүзеге асыруға ұйытқы болушылар: «Шаңырақ» әлеуметтік-психологиялық және зерттеу орталығымен бірге облыстық прокуратура мен әділет департаменті. Отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған мұндай қажеттілік өмір талабынан туындап отыр. Жасырары жоқ тұрмыстық қиындықтардан, өзара түсінбеушіліктен жас жұбайлардың ажырасып кетулері де орын алуда. Осындай келеңсіздіктердің алдын алу, отбасы татулығын нығайту және сақтау мақсатында «Бақытты жанұя – бақытты ел» курсының ашылуы – құптарлық бастама. Курстың ашылу салтанатына қатысқан «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғ.Бекмағамбетов, құқық қорғау органдары мен денсаулық сақтау мекемелерінің өкілдері үш жақты меморандумға қол қойды. Дәріс барысында жас жұбайлар психологтардың отбасылық-тұрмыстық проблемаларды шешуге байланысты кеңестерін алады. Заңгерлер азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға байланысты түсініктеме береді. Келешекте осы тақылеттес шараларға қатысуға мүмкіндік алады.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс