БАҚ-ты мемлекеттік қолдаудың қадамдары жасалады

«Отандық БАҚ-тың бәсекеге қабілеттігін арттыру аясында бұқаралық ақпарат құралдарын мемлекеттік қолдаудың қадамдары қайта қаралды. Тиімділік мен сапаны бағалауды енгізумен республикалық әрі өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық тапсырыс-ты орналастырудың бірыңғай жүйесі құрылады», – деді Ақпарат және қоғамдық даму министрі Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында. Оның айтуынша, отандық баспасөзді қолдау, цифрлық радиохабар мен интернет телеарнаны дамыту, ақпарат саласында мемлекеттік ұйымдарды оңтайландыру бойынша шаралар кешені іске асырылады. Ақпарат саласын құқықтық реттеу бойынша заңнамалық шаралар қолға алынады. Олар БАҚ саласын жетілдіруге, саланың жаңа субъектілерінің құқықтық мәртебесін айқындауға, жарнама бойынша БАҚ үшін мүмкіндіктерді кеңейтуге, телерадио хабарларын тарату саласында рәсімдерді жетілдіруге бағытталған. Министр сонымен бірге баспа БАҚ-тың, интернет-ресурстар мен телерадиохолдингтердің құрылуы арқылы мемлекеттік медиаресурстар оңтайландырылатынын жеткізді. «Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың қызметі туралы халыққа сапалы хабар тарату мақсатында биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталын іске қосамыз. Бұл қадамды өте маңызды деп білеміз. Әсіресе, ауқымды ақпарат ағыны жағдайында ол азаматтарға сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», – деді А. Балаева. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру бойынша биылғы 2020 жылға арналған 97 тармақтан тұратын жоспар да бар. Оған сәйкес атқарылатын іс-шаралар – тұлғалық даму, ұлттық ерекшелікті сақтау және мемлекет пен азаматтық қоғамды дамыту сияқты 3 бағытқа бөлінген. Міне, әр өңірдің осындай өз жоспары бар деді министр.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий