Бейбіт елге оралған күн!

Кеңес әскерінің Ауған аумағынан шығарылғанына 31 жыл толуына орай интернационалист-жауынгерлер саябағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою шарасы өтті.
Көкшетауда ұйым-дастырылған тағылымды шараға облыс әкімінің орынбасары Айна Мысырәлімова, облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Ералин, облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы, подполковник Руслан Қасымов, Ауған соғысына қатысушылар және әскери-патриоттық клуб пен жас-тар бірлестігінің өкілдері интернационалист-жа-уынгерлер қатысты. Шарада Ауған соғысының бір топ ардагері облыс әкімі орынбасарының Алғыс хатымен марапатталды. «Осыдан 31 жыл бұрын 15 ақпан күні Совет одағы әскерлерінің соңғы шебі Ауған жерінен шығарылды. Отан үшін от кешкен ардагерлеріміздің ерлігі еш ұмытылмайды», – деді Айна Мысырәлімова. Ақмола облыстық қорғаныс істері департаментінің бастығы Руслан Қасымовтың айтуынша, Ауған соғысы жауынгерлерінің қатары жыл санап азайып келеді. Он жылға созылған соғысқа 1113 ақмолалық қатысты. 61 жауынгер қаза болса, екеуі із-түзсіз жоғалғандар қатарында, бір жауынгердің сүйегі табылып, туған жерінде жерленді.
«Он жылға ұласқан сұрапыл соғысқа «Бірінші міндетім – Отанды қорғау» деп түсінген, патриот-азаматтар аттанды. Сондықтан, соғыс кезінде шейіт болған бауырларымыздың бәрін батыр деуге негіз бар. Тарихтағы мұндай оқиғаларды ұмытпай, боздақтардың ерлігін ел есіне түсіріп тұру – міндетіміз. Мұны көріп-білген ұрпақ әркез Отан алдындағы борышын өтеуге әзір болады. Соғыстан аман-есен оралуды борышымыз деп білдік. Сондықтан да, бүгінгі бейбіт заманның қадірін білейік!», – деді «Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дуанбай Ыбырай.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий