Бейнебақылаудың көмегі көп

Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың қатысуымен ұрлыққа қарсы күрес мәселелері бо-йынша ведомствоаралық комиссияның отырысы өтті.

Полиция қызметкерлері жеке кәсіпкерлік субъектілеріне қылмыстың алдын алу және қауіпсіздік шаралары жөнінде айтып берді. ІІД аға инспекторы қылмыспен және құқық бұзушылықпен күресуде нысандарды бейнебақылаумен жабдықтаудың маңызына тоқталды. ІІБ жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Зейнуллиннің айтуынша, былтыр облыс орталығында  2606 ұрлық тіркелген, оның 191-і дүкендерде орын алған. Қаладағы 61 күзет кәсіпорны 1319 нысанға қызмет көрсетеді. «Навикам Север» фирмасының өкілі Евгений Микула жиналғандарға қазіргі заманғы жаңа техникалық құралдарды таныстырды. Сымсыз камералар кез келген ауа райына бейімделген. Отырыста кәсіпкерлер өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салды. Әуезов көшесі бойындағы гүл сататын павильондары сынға алынды. Мұндағы киоскілер канализация, су құбырымен қамтылмағандықтан, бұл аумақ санитарлық талапқа сай емес. Қала басшылығы мен полицейлер аталған мәселе алдағы уақытта жан-жақты қаралатынын жеткізді. Отырысты қорытындылаған А.Әміренова кәсіпкерлермен профилактикалық жұмысты күшейтуді, жеке құрылым иелеріне өз нысандарының қауіпсіздігін арттырып, техникалық құралдармен қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий