Бейнекамералар қауіпсіздік кепілі

Қалалық прокуратураның бастамасымен Көкшетау қалалық әкімдігінде облыс орталығындағы қоғамдық қауіпсіздікке қатысты кеңес өтті. Оның жұмысына қала әкімі Ермек Маржықпаев қатысты.

Заң бұзушылықтың алдын алу үшін қаланың қылмыс қатері көп жерлерге, шеткері аумақтарға бейнекамералар орнату жұмыстарын жүргізу қажеттігі алға тартылып отыр. Прокурорлардың айтуынша, ұсақ және орташа салмақтағы құқықбұзушылықтар Уәлиханов пен Буденный көшелері аумағында орын алады. Жергілікті полиция басшысының айтуынша, Көкшетау қаласында 129 ұқсамалы және сандық камералар жұмыс істейді. 2016 жылдан бастап бақылау камераларының көмегімен 15 669 әкімшілік құқықбұзушылықтың алды алынған, қала аумағында 120 заң бұзушылықтың, «Қауіпсіз аула» бағдарламасы бойынша 14 қылмыстың беті ашылған. Биылғы жылы қосымша бес камера орнатылмақ. Алайда, бұл аздық етеді. Аталған проблеманы шешу жолдарын «Қазақтелеком» акционерлік қоғамының өкілдері ұсынып отыр. Жыл басынан байланыс операторы екі үйдегі подьездердегі бейнебақылау сервисіне тест жүргізеді екен. Камералар аулада және баспалдақ торындағы болып жатқан жағдайды стационарлы компьютердің және қазіргі гаджеттердің де көмегімен бақылауға ықпал етеді. Шамамен сәуір айынан бастап жеке тұлғалардың өтінішіне орай тұрғын үй нысандарында қондырғыларды монтаждау жұмыстары басталады. Ай сайынғы төлем 400 теңгені құрайтын болады. Кеңес соңында қала басшысы жергілікті полиция қалалық прокуратурамен ақылдасып, қаладағы заң бұзушылық көп тіркелетін аумақтарға бейнебақылау камераларын орнататын жерлерді анықтауды тапсырды. Бұл өз кезегінде қылмыстың алдын алып, полиция қызметінің жұмысын да оңтайландыра түспек.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс