Бейресми негізде білім алудың қауіптілігі

Қазақ халқы қай уақытта болмасын, білім алуды ұлттың болашағы деп білген, демек, жастардың білім алуына ерте заманнан бері аса көңіл бөлген. Білім алу тікелей Алла бұйрығы болғандықтан, оны сапалы жерден алу да соншалықты маңызды болып табылады. Қазақ жерінде шетел асып кеткен ғалымдарымыз болмаған емес, болған, бірақ алдымен өз жерінде сусындаған. Өкінішке орай, қазірде шетел асып, басқа бұлақтан су ішіп жүргендер аз емес. «Бейресми деректер бо-йынша 15-16 мыңдай адам. Оның ішінде такфиристер, жиһадистер деп түрлі ағымдарға бөлініп жатады. Ал, Сирияға 500-ге жуық адам кеткен. Сондықтан, біз осы мәселелердің барлығын зерттеп, талдап, олардың теріс бағытқа кетуіне не себеп екендігін жан-жақты сараптаудамыз. Ақмола облысы бойынша қазірде 5 азамат шетелде білім алуда. Осы орайда қалайша жастарға дұрыс бағыт бере аламыз? Қазіргі таңда жастарды білім беру ордасына бағыттау үлкен мақсат болып табылады. Дінімізді, дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды, тілімізді сақтап қалу, алға қойылған зор міндет. Осы құндылықтарды сақтай отырып жат пиғылды, арам ойлы ағымдардан сақ болуымыз қажет. Осыған орай елімізде жастар арасында иммунитет қалыптастырып, мектеп, колледж, университет сияқты жастар көп шоғырланған жерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүзеге асырып жатырмыз. Жастар арасында діни қызығушылық орын ала бастаған сәтте дұрыс оқу орындарға бағыттау ең басты мақсат.
Қазіргі кезде елімізде 9 медресе, 1 университет қызмет жасайды. Орта Азияға танымал «Нұр Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті 2001 жылдан бастап елімізде қызмет етіп жатыр. Шариғат, араб тіліне қызығушылық танытып, үйренгісі келген әр адамға жол ашық. Жылына 60-тан астам діни мамандар білім алып шығады. Толыққанды діни білім үйренуге мүмкіндік көп. Егерде бұрында Аль-Азхар университетінде оқуға қол жеткізу сияқты арман болатын болса, сондай арманға Қазақстанда да қол жеткізуге болады. Фиқһ, ақида, тәпсір, іздегеніңнің бәрі алдыңнан табылып тұр. Шетелден еш айырмашылығы жоқ. Өкінішке орай, кейбір жастар бұл оқу орынды аттап, Сауд Арабия түбегіне кетіп, дәстүрлі емес діни білім алуға құлшынады. Ең бірінші фактор діни білімсіздік, интернет желісінде жүрген уағыздардың әсері. Көңілдері эмоцияға толып, үлкен шейхтардың алдында сабақ алуды арман етеді. Армандары жүзеге асқанымен басқа жат ағым жолына түсіп, жақындарын сол жолға шақырумен әуес болады. Азаматтарымызды ислам дінінің дәстүрлі жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға тырысып жүрген кейбір күштердің жетегіне еріп жүргендер үлкен алаңдаушылық туғызады. Сондықтан, шетелдік теологиялық оқу орындарында бейресми негізде білім алудың қауіптілігі және келешегі жоқ екендігі мәлім.
Шеттен келген қате және жалған діни ілімдер біздің қоғамымызды көгертеді дегендердің саналарына, бабаларымыздың ғасырлар бойы Әбу Ханифа мазхабы мен Матуриди мектебін ұстануының арқасында ұлтымыздың ұйытқысы болғанын сіңіру керек.

«Көкше-ақпарат».

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий