Белсенділік жағдайында

Ақмола облысының әкімі Мәлік Мырзалин 22 сәуірдегі сенбілік жұмыстарының ұйымдастырылуына жете көңіл бөліп, Көкшетау қаласының орталық демалыс паркінде, Даңқ аллеясында, Красный Яр селосында болды. Атқарылған жұмысты өз көзімен көріп, оның нәтижесіне көңілі толатындығын айтты. Өңір басшысымен бірге Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев та бірге болды.

Көкшетау қаласының әкімі Ермек Маржықпаев 22 сәуірде өткен алғашқы жалпықалалық сенбіліктің қорытындысы бойынша жедел кеңес өткізді. Жылдағыдай қала аумағы 218 шағын учаскеге бөлініп, меншіктің әрDSC_3716 түріне жататын ұйымдарға бекітіліп берілді. Сенбілікке қала бойынша 12393 адам қатысты. Олар 1700 дана түрлі ағаштар отырғызды. Жалпы алғанда абаттандыру айлығы кезінде қала аумағында 5000 түп ағаш отырғызылып, 20 мың шаршы метрге гүлзар жасалады. Шара барысында 10208 түп ағаш, 33077 погон метр бордюр әктеліп, 5236 қап күл-қоқыс жиналды. Қала сыртына 3100 текше метр қалдықтар шығарылып, 36 стихиялық үйінді жойылды. Мәселен, Красный Яр трассасының бойындағы саяжай маңында «Алтынтау Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өз күштерімен 16 стихиялық үйіндінің күл-қоқыстарын сыртқа шығарды. Оған кәсіпорынның 8 арнайы техникасы және 180 адам күші жұмылдырылды. Бұл жұмыспен кәсіпорындардан арнайы бөлінген 78 бірлік техникасы айналысты. Жиналысты қорытындылай келе, қала әкімі былтырғы отырғызылған ағаштарды тәртіпке келтіру қажеттігін ескертіп, әр бейсенбіде тазалық шараларын өткізуді дәстүрге айналдыруды қатаң тапсырды.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс