Берекелі, мерекелі жыл болғай!

Көкшетауда Қазақстан Республикасы Президентінің Жаңажылдық шыршасы биыл «Біз – еліміздің жарқын болашағымыз!» деген атаумен өтті. Жаңажылдық думанға облыстың әр түкпірінен келген 200-ге жуық бала қатысты.

Олардың барлығы да – оқу озаттары, шығар-машылық пен спорт саласында жетістікке жеткен
дарынды бүлдіршіндер, жетімдер үйінің тәрбиеле-нушілері, мүмкіндігі шек-
теулі, ата-ана қамқорлы-ғынсыз қалған, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан үздік оқушылар. Балалар облыс орталығында екі күн қатарынан жаңажылдық тосын сыйларға куә болды.
Мерекелік шырша барысында «Сәлем, Жаңа жыл!» атты жаңажылдық театрландырылған көрі-ніс ұйымдастырылды. Шараға облыс әкімі Ермек Маржықпаев қатысып, балаларды құттықтады. «Жаңа жыл, ең алдымен, балаларға қуаныш сыйлайтын ғажайыпқа толы мереке. Сіздердің жан-жақты дамыған білімді, парасатты тұлға ретінде қалыптасып, жетілулеріңіз үшін мемлекетіміз барлық мүмкіндікті жасап келеді және жасай беретін болады. Сіздер осындай ерекше елде өсіп келе жатқан бақытты ұрпақсыздар. Жаңа жылда сіздердің жақсы білім алып, көптеген байқауларға қатысып, жеңіске жетулеріңізге, биіктерден көрінулеріңізге тілектеспін!», – деді өңір басшысы өз сөзінде.
Мерекелік бағдарлама аясында ертегі әлеміндегі кейіпкерлердің қатысуымен өткен шоу-қойылымдар балғындарға көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Қатысушылардың жаңа- жылдық костюмдері де ерекше болды. Жақсы ауданының Лазовое ауылынан келген Нұрғиса Әділбек түрлі білім сайыстарының жеңімпазы. Ол кітап болып киінген. – Кітапты оқып, көп білім аламыз және кемел болашаққа жол ашамыз. Біз еліміздің жарқын болашағымыз, – дейді ол.
Шырша мерекесінде балаларға тәттілер жиынтығы және 100 мың теңгенің жаңажылдық сертификаттары табыс етілді. Шара соңында балғындар мерекелік ас дастарқанынан дәм татты.
Бұдан бөлек Көкшетау-да ерекше күтімді талап ететін балалардың Жаңа-
жылдық шыршасы өтті. «Ақмола облысының іскер әйелдері қауымдастығы» және «Көкшетау» арнайы олимпиада» қоғамдық бірлестіктері бірлесіп, ұйымдастырған мерекелік шараға 70 бала мен олардың ата-аналары қатысты.

Ә.ҰЛАНҚЫЗЫ.

«Достар» мәдениет сара-йында дәстүрлі әкім шыршасы ұйымдастырылды. Жаңа-
жылдық мерекеге ата-ана қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі балалар шақырылды.

Әкім шыршасы музыкалық композициямен өріліп, думанға айналды. Балғындар түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесіндегі костюмдер киген әртістермен ертегілер әлеміне саяхат жасады. Балаларға кеңінен таныс ертегі кейіпкерлері, мерекенің басты кейіпкерлері доңыз бен тышқан, жаңа жылдың символына айналған Аяз ата мен Ақшақар шырша қуанышын бірге бөлісіп, жиналғандар түрлі сахналық қойылымды тамашалады. Әсем әндер айтылып, көз тартар көрініске толы қойылымдар көрсетілді.
Әр балаға қуаныш пен шаттық сыйлайтын Жаңа жыл мерекесін балғындармен бірге қарсы алған Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Бейбіт Жүсіпов қала басшысының атынан оларға жүрекжарды лебізін арнады: «Бақытты балалықтың есте қалар сәті – Аяз ата мен Ақшақарды қарсы алып, ән мен жырдан шашу шашар, ақ тілектер ақтарылар Жаңа жыл құтты болсын! Жаңа жылды қарсы алу – жаңа армандармен қауышу. Келер жыл әр отбасына баянды бақыт, сарқылмас қуаныш сыйласын! Бүгінгі жасыл шырша мерекесі баршаңызға көтеріңкі көңіл күй сыйлағанына қуаныштымын. Осы шараны ұйымдастыруға демеушілік көрсеткен «Көкшетау натур продукт», «Ақсай нан» серіктестіктері мен «Біз – біргеміз» қоғамдық қорына алғыс білдіреміз».
Жаңа жыл мейрамында балалар ерекше сый күтетіні белгілі. Мерекелік салтанатқа жиналғандарға қала әкімінің атынан тәтті сыйлықтар мен ақшалай конверттер табыс етілді. Өз кезегінде ата-аналар да жыл сайын ұйымдастырылатын шараға алғыстарын білдірді. Кеш қонақтары дәстүрлі түрде Аяз Ата мен Ақшақарды күтіп алып, шырша жақты. Балалар ойындарға белсене қатысты. Барша қауым мерекелік күйге бөленіп, мәз болып тарқасты.

А.АЙҒАРА.

Опубликовать в Facebook
Опубликовать в Google Plus
Опубликовать в Мой Мир
Опубликовать в Одноклассники
Опубликовать в Яндекс

Добавить комментарий